"2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" Жамбыл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 8 ақпандағы № 57 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 1 қарашадағы № 571 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 1 қарашада № 4387 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37-баптарына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" Жамбыл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 8 ақпандағы № 57 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4101 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылдың 14 ақпанында жарияланған) төмендегідей толықтыру енгізілсін:

      аталған қаулының қосымшасы төмендегі мектепке дейінгі жеке меншік ұйымымен толықтырылсын:

7

"Ai-Dana" бөбекжайы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

200

30579

5500

      2. "Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберіліуін;

      3) осы қаулының Жамбыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Үміткен Қапанқызы Наймановаға жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл ауданының әкімі Б. Казанбасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады