РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8 тармағына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жуалы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 29 маусымдағы "Нысаналы топтарға қосымша адамдарды белгілеу туралы" № 257 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 07 тамыздағы № 75 болып тіркелген, 2009 жылдың 21 тамызында "Жаңа өмір–Новая жизнь" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Көпбосынов |