Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жуалы аудандық мәслихатының 11.12.2023 № 12-5 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Жуалы ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Жуалы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 6 маусымдағы № 31-4 шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасында:
мынадай мазмұндағы 1) тармақшамен толықтырылсын:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға";
1) тармақша 1-1) тармақша болып есептелсін;
9) тармақша алып тасталсын;
9 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштерді талап етілмей, уәкілетті ұйымның немесе өзге де ұйымдардың ұсынымы Жуалы ауданның әкімдігінің тізімі бойынша бірыңғай мөлшерінде белгіленеді";
10, 12, 13 және 16 тармақтарда "ауылдық округтің әкімі" деген сөздер "ауыл, ауылдық округ әкімі" деген сөздермен ауыстырылсын;
18 тармақта "17 және 18" деген сандар "14 және 15" деген сандармен ауыстырылсын;
20 тармақ алып тасталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын қадағалау аудандық мәслихаттың әкімшілік аумақтық құрылым, аумақты әлеуметтік-экономикалық дамыту бюджет және жергілікті салықтар мәселелері, адамдардың құқығын қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | К. Бегалиев |
Аудандық мәслихаттың | |
хатшысы | Е. Тлеубеков |