"Сарысу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айкындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Сарысу аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 25-6 шешіміне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2019 жылғы 31 мамырдағы № 54-2 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 4 маусымда № 4256 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2021 жылғы 7 сәуірдегі № 4-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 07.04.2021 № 4-3 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Занының 6 бабының 2-3 тармағына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Сарысу аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Сарысу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Сарысу аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 25-6 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3669 болып тіркелген, 2018 жылдың 22 қаңтарында Қазақстан Республикасы электрондық түрдегі нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары:

      5-тармақтың 1) тармақшасы 1.4 абзацпен толықтырылсын:

      "1.4. Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 74 жылдығына байланысты атаулы және мереке күндеріне бір рет әлеуметтік көмекке қосымша біржолғы әлеуметтік көмек Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 150 000 ( жүз елу мың) теңге көлемінде, қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдеріне (күйеулеріне), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетіндерінен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) 35 000 (отыз бес мың) теңге көлемінде және Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы ҚСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым- 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы ҚСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға 35 000 (отыз бес мың) теңге көлемінде көрсетілсін.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет, агроөнеркәсіп кешені, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы Н. Романов
      Аудандық мәслихат
      хатшысы С. Бегеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады