Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 27.09.2023 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 65 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 Қаулысына сәйкес, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау мақсатында, Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды қалалық мәслихатының 2014 жылғы 27 қарашадағы № 363 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасын бекіту туралы шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2898 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 162 (1396) "Взгляд на события" газетінде, 2015 жылғы 8 қаңтардағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасында (бұдан әрі – Қағида):
1) Қағиданың 7 тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
"7. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізімі:
1) бұрынғы Кеңестік социалистік Республикалар Одағының Ауғанстан аумағынан әскерді шығару күні;
2) Чернобыль АЭС-дағы апат күні;
3) Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні;
4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні;
5) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.";
2) Қағиданың 9 тармағы келесі мазмұндағы 3-1) тармақшасымен толықтырылсын:
"3-1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне орай: Қарағанды қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балалары бар көпбалалы отбасылар;".
3) Қағиданың 9 тармағының 4) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
"4) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай:
75 жас және одан асқан адамдарға;
Қарағанды қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға.".
4) Қағиданың 16 тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
"16. Осы Қағиданың 9 тармағында көрсетілген санаттар бойынша "Азаматтарға арналған Үкімет" мемлекеттік корпорациясының және өзге ұйымдардың ұсынымымен атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің тізімі бойынша өтініштер талап етілмей көрсетіледі.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек және әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрағасы Жанділ Ахуанұлы Мұхтаров) жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ж. Мұхтаров |
Қалалық мәслихат хатшысы | Қ. Бексұлтанов |