Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № 12/05 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 26 наурызда № 5249 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімдігінің 2020 жылғы 26 ақпандағы № 08/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімдігінің 26.02.2020 № 08/01 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабы 1 тамағы 6 тармақшасына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін осы қаулының қосымшасына сәйкес жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      2. Балқаш қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 19 қаңтардағы № 03/02 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4145 болып тіркелген, 2017 жылғы 24 ақпандағы №22-23 (12560) "Балқаш өңірі" және № 15-16 (1585) "Северное Прибалхашье" газеттерінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылғы 24 ақпанда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау саланы қадағалаушы қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі А. Аглиулин

  Балқаш қаласы әкімдігінің
2019 жылғы "___" ___________
№_____қаулысына қосымша

Мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квотаның көлемі (%) қызметкерлердің тізімдік санынан

Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны

1

"Балқаш қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Айгөлек" мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мекеме" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

62

2

1

2

"А.Мусин атындағы Балқаш қаласының гуманитарлық-техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

141

3

4

3

"Балқаш қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Бөбек" мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мекеме" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

55

2

1

4

"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

63

2

1

5

"Балқаш қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Таңшолпан" мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мекеме" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

75

2

1

6

Қарағанды облысының білім басқармасының "Балқаш сервис колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

67

2

1

7

"Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы "Рақымжан Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

69

2

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады