Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінің 01.02.2021 № 08/02 (алғаш ресми жарияланған күнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" заңдарына және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, халықты жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысандары мен меншік нысандарына қарамастан, Сәтбаев қаласының ұйымдарындағы қызметшілердің тізімдік санының бір жарым пайыз мөлшерінде осы қаулының қосымшасына сәйкес жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. Белгіленген квотаға сәйкес ұйымның тізбесіне енгізілген Сәтбаев қаласының жұмыс берушілеріне, квота енгізілген күннен бастап 6 (алты) күнтізбелік ай ішінде пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша жұмыс орындарын ұсынсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Қ.Төлендинаға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сәтбаев қаласының әкімі | А. А. Ыдырысов |
Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2019 жылғы "__" _________ №_______ қаулысына қосымша |
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу үшін ұйымдардың тізімі
№ | Ұйымның атауы | Қызметкерлердің тізімдік саны (адам) | Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан) | пробация қызметі есебінде тұрған тұлғаларды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының саны (адам) |
1 | "Сәт Тазалық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 292 | 1,5 | 4 |
2 | " Сәтбаев жылу, сумен жабдықтау кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 455 | 1,5 | 7 |