Саран қалалық мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және Саран қаласы мен Ақтас кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 279 шешіміне өзгертулер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 2019 жылғы 8 мамырдағы № 401 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 15 мамырда № 5336 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 2023 жылғы 23 қарашадағы № 75 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 23.11.2023 № 75 (оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Саран қалалық мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және Саран қаласы мен Ақтас кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 279 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2491 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылы 16 қаңтарда жарияланған, "Саран газеті" газетінде 2014 жылы 17 қаңтарда № 3 жарияланған) шешіміне келесі өзгертулер енгізілсін:

      Көрсетілген шешіммен бекітілген, Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және Саран қаласы мен Ақтас кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      1) 6 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Әлеуметтік көмек атаулы күндер мен мереке күндеріне ұсынылады.

      Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз мерекесіне - Қазақстан Республикасында белгіленген зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерлері, зейнетақының ең төменгі мөлшерінен аспайтын зейнетақы мен жасына байланысты әлеуметтік жәрдемақы алушыларға.

      Наурыз мейрамы - 21-23 наурыз мерекесіне - Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне.

      Жеңіс күні - 9 мамыр мерекесіне:

      1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына;

      2) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға;

      3) Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға;

      4) соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген басқа санатты тұлғаларға;

      5) 1941 жылғы 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығында, кемінде алты ай жұмыс істегендерге (әскери қызмет өткергендерге) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы мінсіз әскери қызметі мен жанкешті еңбегі үшін бұрынғы КСР Одағының медальдарымен және ордендерімен марапатталмаған тұлғаларға.

      Астана күні – 6 шілде мерекесіне:

      1) "Алтын алқа", "Күміс алқа" белгілерімен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ бірінші және екінші дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға;

      2) төрт және одан көп бірге тұратын кәмелетке толмаған, соның ішінде оқытудың күндізгі нысаны бойынша орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, жоғары оқу орындарында, оқу орынын аяқтағанға дейін кәмелеттік жасқа толған білім алушы балалары бар (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін), көп балалы отбасыларға.

      Қазақстан Республикасының Конституция күні – 30 тамыз мерекесіне:

      1) 1,2,3 топтағы мүгедектерге, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;

      2) мектепке дейінгі балалар ұйымдарында тәрбиеленетін көп балалы отбасылардан шыққан балаларға.

      Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні - 1 желтоқсан мерекесіне – жетпіс бес жасқа және одан жоғары жасқа толған тұлғаларға.";

      2) 7 тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;

      3) 14 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "14. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.";

      4) 24 тармақ алынып тасталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің орынбасары Ералы Серикович Оспановқа және Саран қалалық мәслихатының азаматтардың құқықтарын қорғау заңдылықтары, құқық тәртібі және әлеуметтік саланы дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Д. Ахмадуллин
      Мәслихат хатшыс Ө. Баймағанбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады