Қарағанды облысы Абай қаласының аумағында салық салу мақсатында жер салығының мөлшерлемелерін арттыру немесе азайту туралы

Жаңартылған

Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 42/460 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 24 қаңтарда № 5163 болып тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 17.02.2022 № 18/172 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автожанармай құю станцияларына сондай-ақ тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын бөлінген жерлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінде белгіленген, Қарағанды облысы Абай қаласының аумағында салық салу мақсатында арттырылған немесе азайтылған жер салығының мөлшерлері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 17.02.2022 № 18/172 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Сессия төрағасы Н. Әбішев
      Абай аудандық
мәслихатының хатшысы
Б. Цай

  Абай аудандық мәслихатының
42 сессиясының
2019 жылғы 10 қаңтардағы
№ 42/460 шешiмiне
1-қосымша

Салық салу мақсаты үшін жер салығының мөлшерлемелері азайтылған немесе арттырылған Қарағанды облысы Абай қаласының аумағын аймақтарға бөлу сызбасын бекіту туралы

      Ескерту. 1-қосымша алынып тасталды - Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 17.02.2022 № 18/172 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

  Абай аудандық мәслихатының
2019 жылғы 10 қаңтардағы
№ 42/460 шешiмiне
қосымша

Қарағанды облысы Абай қаласы аумағының салықтық аймақтарының сипаттамасы

      Ескерту. 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 17.02.2022 № 18/172 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Салық аймағының №

Жер салығына төмендетілген немесе жоғарылатылған мөлшерлемелері, %

Аймақты сипаттау

I

+ 50

- 12, 13, 14, 26, 27, 32, 33, 45, 46 тұрғын үй орамдары;
- 1 шағын ауданы;
- Жеңіс даңғылынан бастап 3 шағын ауданға дейінгі аймақ;
- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл көшесінің бойында орналасқан 2 қабатты құрылыстың аумағы: К.Маркс - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл көшелерінің қиылысынан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл - Абай көшелерінің қиылысына дейін;
- Энгельс көшесі бойындағы көп қабатты құрылыстың аумағы: Энгельс - Абай көшелерінің қиылысынан Энгельс - Курчатов көшелерінің қиылысына дейін;
- Абай көшесі 33 үй;
- 017 есепті орам.

II

+ 30

- 2 шағын ауданы, гараждар мен зират аумағына тиесілі және құрылыс аумағынан бос басқа да аймағы;
- 3 шағын ауданы, шағын ауданның құрылыс аумағынан бос басқа да оңтүстік - шығыс аймағы.

III

0

- 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 16, 17, 20, 21, 22, 23, 28, 29, 29а, 30, 30а, 31, 36, 37, 38, 40, 42, 43, 44 тұрғын үй орамдары;
- Абайлық тігін фабрикасының аймағы;
- 34, 35 тұрғын үй орамы, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл көшесінің бойында орналасқан 2 қабатты құрылыстың аумағынан басқа: К.Маркс - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл көшелерінің қиылысынан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл - Абай көшелерінің қиылысына дейін;
- Калинин, Курчатов көшелерінің, Жеңіс даңғылының арасындағы аймақ оңтүстік - шығысқа қарай қала шекарасына дейін;
- 4 шағын ауданы;
- 11 және 15 тұрғын үй орамдарының аймағы, Энгельс көшесі бойындағы көп қабатты үйлердің аумағынан басқа: Энгельс - Абай көшелерінің қиылысынан Энгельс - Курчатов көшелерінің қиылысына дейін, Абай көшесі 33 үйден басқа;
- гараждар аймағы (есепті орамдар 011, 012, 013, 014, 015, 016, 018).

III

0

- Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі Қарағанды аудандық пайдаланушылық бөлімінің жері (032 есепті орам);
- "Ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау бойынша Қарағанды шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекеменің жері (033 есепті орам);
- резервтегі және қала құрылысын салуда қолданылмаған басқа да жерлер (026, 036 есепті орамдар);
- гараждар мен зират аймағына тиесілі, құрылыстан бос 2 шағын ауданының аймағы;
- 3 шағын ауданның құрылыстан бос оңтүстік-шығыс аймағы;
- Жаңа Қараған, Солтүстік Қараған және Оңтүстік Қараған кенттерінің аумағы.

IV

- 20

-Вольный, Кзыл кенттерінің, саяжай нысандары аймақтарының 019, 020, 021, 022 есепті орамдары.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады