Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Осакаровка кентінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына талшықты – оптикалық байланыс желісін тарту және пайдалану үшін Осакаровка кентінде 1,2078 гектар жер учаскесі жер пайдаланушылардан алып қоймай, үш жыл мерзімге жер учаскелеріне жария сервитут белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды кент әкімінің орынбасары Б.О.Жетпибаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкім | С. Акижанов |