Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 16 бабының 3 тармағына сәйкес, Шет ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Шет ауданының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне азаматтарды тіркеу, 2019 жылдың қаңтар айынан наурыз айына дейін ұйымдастырылсын.
2. Шет ауданының ауылдық округтер мен кент әкімдері ұландардың Шет ауданының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне медициналық комиссияға ұйымдастырушылық және міндетті келуін қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шет ауданы әкімінің орынбасары А. Әбілдинге жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.
Шет ауданының әкімі | М. Жандәулетов |