Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Шет аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №26/230 "2019 жылы Шет ауданының ауылдық елдi мекендерiне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiп кешенi мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5099 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқұқтық актілерінің Эталондық бақылау банкіде электрондық түрде 2019 жылғы 4 қаңтарда және аудандық "Шет Шұғыласы" газетінің 2019 жылғы 3 қаңтардағы № 01 (10726) санында жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"1. Шет ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2019 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, аудандық мәслихаттың хатшысы | Б. Тулеукулов |