"Қызылорда облысы бойынша іске асырылуы жоспарланатын жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 15 ақпандағы № 89 шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облыстық мәслихатының 2019 жылғы 17 шілдедегі № 333 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 19 шілдеде № 6849 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 2022 жылғы 7 қыркүйектегі № 133 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 07.09.2022 № 133 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы Заңының 24-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қызылорда облысы бойынша іске асырылуы жоспарланатын жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 15 ақпандағы № 89 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5748 нөмірімен тіркелген, облыстық "Сыр бойы", "Кызылординские вести" газеттерінде 2017 жылғы 11 наурызында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2017 жылдың 18 наурызында жарияланған) келесідей толықтырулар енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген Қызылорда облысы бойынша іске асырылуы жоспарланатын жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "42. Қызылорда қаласы СПМК-70 мөлтек ауданында 320 орынға арналған балабақшаның құрылысы және пайдалануға берілуі (2020-2024 жылдарға).

      43. Қызылорда қаласындағы "Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Арнайы медициналық жабдықтау базасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жылу жүйесін жаңғырту және сервистік қызмет көрсету (2020-2022 жылдарға).

      44. "Қызылорда облысының білім басқармасының "Арал индустриалды-техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мен Арал қаласындағы "Қызылорда облысының білім басқармасының "№ 2 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жылу жүйесін жаңғырту және сервистік қызмет көрсету (2020-2022 жылдарға).

      45. Арал қаласындағы Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Қызылорда облысының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Арал аудандық филиалы мен Айтеке би кентіндегі "Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Қазалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының жылу жүйесін жаңғырту және сервистік қызмет көрсету (2020-2022 жылдарға).

      46. "Қызылорда облысының білім басқармасының "Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мен Шиелі кентіндегі "Қызылорда облысының білім басқармасының "Облыстық балаларды оңалту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жылу жүйесін жаңғырту және сервистік қызмет көрсету (2020-2022 жылдарға).

      47. Шиелі кентіндегі "Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Шиелі аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны мен Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Қызылорда облысының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Шиелі аудандық филиалыныңжылу жүйесін жаңғырту және сервистік қызмет көрсету (2020-2022 жылдарға).

      48. "Қызылорда облысының білім басқармасының "Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мен "Жаңақорған ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі әкімшілік ғимаратының жылу жүйесін жаңғырту және сервистік қызмет көрсету (2020-2022 жылдарға).

      49. Жаңақорған кентіндегі "Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Жаңақорған аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны мен Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Қызылорда облысының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Жаңақорған аудандық филиалының жылу жүйесін жаңғырту және сервистік қызмет көрсету (2020-2022 жылдарға).

      50. Қызылорда қаласы Ақжарма ауылдық округінде 150 орынға арналған мәдениет үйінің құрылысы және пайдалануға берілуі (2019-2023 жылдарға).".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облыстық мәслихатының
кезекті 34-сессиясының төрағасы
Н. Әмитов
      Қызылорда облыстық
мәслихатының хатшысы
Н. Байқадамов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады