"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11- бабының 4-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 15 қарашадағы қорытындысына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылорда қаласының келесі құрамдас бөліктері:
1) "Шымбай" көшесі – "Ұзақбай Қараманов" есімімен;
2) "Достық" көшесі – "Сағадат Нұрмағамбетов" есімімен;
3) "Сәулет-33" көшесі – "Ыдырыс Қалиев" есімімен;
4) "Пионерский парк" саябағы – "Батырхан Шөкенов" есімімен;
5) "Әбу Насыр әл-Фараби-1" көшесі – "Ақбұлақ" көшесі;
6) "Әбу Насыр әл-Фараби-2" көшесі – "Ақдала" көшесі;
7) "Әбу Насыр әл-Фараби-3" көшесі – "Ақжар" көшесі;
8) "Әбу Насыр әл-Фараби-4" көшесі – "Жиделі" көшесі;
9) "Әбу Насыр әл-Фараби-6" көшесі – "Кемеңгер" көшесі;
10) "Әбу Насыр әл-Фараби-7" көшесі – "Қағанат" көшесі;
11) "Әбу Насыр әл-Фараби-8" көшесі – "Құмкөл" көшесі;
12) "Әбу Насыр әл-Фараби-9" көшесі – "Қарақұм" көшесі;
13) "Әбу Насыр әл-Фараби-11" көшесі – "Жерұйық" көшесі;
14) "Әбу Насыр әл-Фараби-14" көшесі – "Қызылқұм" көшесі;
15) "Әбу Насыр әл-Фараби-15" көшесі – "Қаратау" көшесі;
16) "Әбу Насыр әл-Фараби-17" көшесі – "Сарысу" көшесі;
17) "Әбу Насыр әл-Фараби-20" көшесі – "Береке" көшесі;
18) "Әбу Насыр әл-Фараби-21" көшесі – "Ақшабұлақ" көшесі;
19) "Әбу Насыр әл-Фараби-23" көшесі – "Телқоңыр" көшесі;
20) "Әбу Насыр әл-Фараби-24" көшесі – "Телікөл" көшесі;
21) "Әбу Насыр әл-Фараби-25" көшесі – "Достық" көшесі;
22) "Әбу Насыр әл-Фараби-27" көшесі – "Іңкәрдария" көшесі;
23) "Әбу Насыр әл-Фараби-28" көшесі – "Жаңадария" көшесі;
24) "Әбу Насыр әл-Фараби-29" көшесі – "Қуаңдария" көшесі;
25) "Әбу Насыр әл-Фараби-30" көшесі – "Қазанат" көшесі болып қайта аталсын.
2. Қызылорда қаласындағы келесі атауы жоқ тұйық көшелерге:
1) "Түркістан" және "Қойсары батыр" көшелері аралығындағы атауы жоқ тұйық көшеге – "Назқоңыр" атауы;
2) "Смағұл Ысқақов" көшесіне параллель жатқан атауы жоқ тұйық көшеге – "Ақжайлау" атауы берілсін.
3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | К. Искаков |
Қызылорда облыстық мәслихатының кезектен тыс 41-сессиясының төрағасы |
Ж. Ысқақ |
Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы |
К. Бисенов |