"Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2017 жылғы 20 қыркүйектегі №106-16/4 шешіміне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда қалалық мәслихатының 2019 жылғы 19 маусымдағы № 241-43/7 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 21 маусымда № 6831 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 2020 жылғы 26 наурыздағы № 315-58/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 26.03.2020 № 315-58/4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2017 жылғы 20 қыркүйектегі № 106-16/4 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5981 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 13 қазанда жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:

      5-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацтағы және 6-тармақтың екінші абзацтағы "40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет" деген сөздерден кейін "және материалдық көмек ретінде біржолғы 120 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда қалалық мәслихатының
      кезекті ХХХХІІІ сессиясының төрағасы Ж. ЖАРАСБАЕВ
      Қызылорда қалалық
      мәслихатының хатшысы Р. БУХАНОВА
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қызылорда облыстық жұмыспен
      қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
      бағдарламалар басқармасы"
      мемлекеттік мекемесімен

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады