Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін жергілікті бюджетке аудару нормативін белгілеу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 932 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 11 сәуірде № 6768 болып тіркелді

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес, Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін жергілікті бюджетке аудару нормативі белгіленсін.

      2. "Қармақшы аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Ә. Қошалақовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қармақшы ауданының әкімі С.Мақашов

  Қармақшы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "10" сәуірдегі №932 қаулысына қосымша

      Шаруашылық жүргізу құқығындағы аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін жергілікті бюджетке аудару нормативі келесідей белгіленеді:

Таза кіріс 3 000 000 теңгеге дейін 

Таза кіріс сомасынан 5 пайыз

Таза кіріс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін

150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 10 пайыз 

Таза кіріс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін

4 850 000 теңге + 50 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 15 пайыз 

Таза кіріс 250 000 001 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін

34 850 000 теңге + 250 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 25 пайыз 

Таза кіріс 500 000 001 теңгеден 1 000 000 000 теңгеге дейін

97 350 000 теңге + 500 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 30 пайыз 

Таза кіріс 1 000 000 001 теңге және одан жоғары

247 350 000 теңге + 1 000 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 50 пайыз 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады