Ауданның коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бір бөлігін бөлу нормативін белгілеу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 16 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 4 ақпанда № 6669 болып тіркелді

      “Мемлекеттік мүлік туралы” Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, ауданның коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бір бөлігін бөлу нормативі белгіленсін.

      2. “Жалағаш аудандық қаржы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Р.Ержановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш ауданының әкімі Қ. Сәрсенбаев

  Жалағаш ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 31 қаңтардағы №16 қаулысына қосымша

Ауданның коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бір бөлігін бөлу нормативін белгілеу туралы

      Активтерді дамыту және кеңейту (күрделі жөндеу, реконструкция, жаңғырту, цифрландыру) - 50%

      Адами капиталды дамыту және ынталандыру (біліктілікті арттыру, тәжірибе алмасу, сыйақы беру) - 15%

      Тәуекелдерді сақтандыруға провизиялар (резервтер) және шығынды жабу - 20%

      Кезек күттірмейтін қажеттіліктерге жұмсалатын резерв - 10%

      Кәсіпорындар қызметінің спецификасы бойынша қажет ететін шығындар түрі - 5%

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады