“Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2017 жылғы 24 тамыздағы №15-1 шешіміне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2019 жылғы 22 ақпандағы № 37-4 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 27 ақпанда № 6712 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 55-1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 13.04.2020 № 55-1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және “Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. “Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2017 жылғы 24 тамыздағы № 15-1 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5957 болып тіркелген, 2017 жылы 21 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және 2017 жылғы 16 қыркүйекте “Жалағаш жаршысы” газетіне жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:

      5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:

      “Жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілген адамдар, оның ішінде: бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер, әскери мiндетiн орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яки майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде әскери мiндетiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдар – 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір дүркін;”.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш аудандық мәслихатының
37-сессиясының төрағасы
М.ЖАМАНОВ
      Жалағаш аудандық мәслихатының
хатшысы
М. ЕСПАНОВ
     
      КЕЛІСІЛДІ:
“Қызылорда облысының жұмыспен
қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы” мемлекеттік
мекемесімен

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады