“Жалағаш ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы” Жалағаш ауданы әкімінің 2018 жылғы 7 қарашадағы №18 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімінің 2019 жылғы 16 мамырдағы № 6 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 16 мамырда № 6794 болып тіркелді

      “Құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес Жалағаш ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. “Жалағаш ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы” Жалағаш ауданы әкімінің 2018 жылғы 7 қарашадағы № 18 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6503 болып тіркелген, 2018 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасындағы Жалағаш ауданының аумағындағы №131 сайлау учаскесіндегі он тоғызыншы абзац жаңа редакцияда жазылсын:

      “Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының “Жалағаш аудандық ауруханасы” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ауруханасы.”.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш ауданының әкімі Қ. Сәрсенбаев
     
      “КЕЛІСІЛДІ”
Жалағаш аудандық сайлау
комиссиясымен
8 мамыр 2019 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады