Жалағаш ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшерін бекіту туралы

Жаңартылған

Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2019 жылғы 21 қазандағы № 46-2 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 23 қазанда № 6943 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 13.11.2023 № 9-18 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      “Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы” Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 5тармағына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жалағаш ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 13.11.2023 № 9-18 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. “Жалағаш ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2018 жылғы 11 қыркүйектегі № 28-3 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6442 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 5 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш аудандық мәслихатының
46- сессиясының төрағасы
К. МУСТАФАЕВА
      Жалағаш аудандық мәслихатының
хатшысы
М. ЕСПАНОВ

  Жалағаш аудандық мәслихатының
2019 жылғы 21 қазандағы
№ 46-2 шешіміне қосымша

Жалағаш ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 13.11.2023 № 9-18 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Жалағаш ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен (бұдан әрі - мамандар) коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау (бұдан әрі - әлеуметтік қолдау) көрсетіледі.

      2. Әлеуметтік қолдауды тағайындауды уәкілетті орган – "Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.

      3. Әлеуметтік қолдау мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының бірінші басшыларымен бекітілген жиынтық тізімдердің негізінде мамандардан өтініш талап етпестен көрсетіледі.

      4. Әлеуметтік қолдау екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы мамандардың есеп шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.

      5. Мамандарға әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады