Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 20.03.2020 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңына сәйкес Маңғыстау облысының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 шілдедегі № 219 "Техникалық және кәсіптік білім беру саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2811 болып тіркелген, 2015 жылы 7 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1 тармақтың қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді, орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі;
3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
"3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқасы.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз жүзінде.".
2. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 шілдедегі № 223 "Техникалық және кәсіптік білім беру саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3113 болып тіркелген, 2016 жылы 15 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. "Маңғыстау облысының бiлiм басқармасы" мемлекеттік мекемесі (А.А. Сейдалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкiмiнiң орынбасары Р.К. Сәкеевке жүктелсiн.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облысының әкімі | Е. Тоғжанов |
Маңғыстау облысы әкімдігінің | |
2019 жылғы "18" қаңтардағы | |
№ 8 қаулысына қосымша | |
Маңғыстау облысы әкімдігінің | |
2016 жылғы "15" шілдедегі | |
№ 223 қаулысымен бекітілген |
"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер
1. "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындары көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 12 маусымдағы № 289 "Білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама нысанын бекіту туралы" бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5717 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (іс – қимылдарды) бастауға негіздеме "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 6 қарашадағы № 627 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12417 болып тіркелген) бекітілген "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9 тармағында көрсетілген құжаттар болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс – қимылдардың) мазмұны:
1) көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе қызметкері өтініш қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады – 15 (он бес) минут;
2) көрсетілетін қызмет берушінің басшысы өтінішті қарайды, көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысын белгілейді –30 (отыз) минут;
3) көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысы анықтаманың жобасын дайындайды:
көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша - 3 (үш) жұмыс күні;
көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жерінде болмаса – 7 (жеті) жұмыс күні;
4) көрсетілетін қызмет берушінің басшысы анықтамаға қол қояды – 30 (отыз) минут;
5) көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға анықтаманы береді – 15 (он бес) минут.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі:
1) көрсетілетін қызметті алушыға қолхат беру, басшыға өтінішті жолдау;
2) орындау үшін жауапты орындаушыны белгілеу;
3) анықтаманың жобасын дайындау және басшыға жолдау;
4) анықтамаға қол қою, анықтаманы кеңсеге жолдау;
5) анықтама беру.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушілердің, құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе қызметкері;
2) көрсетілетін қызмет берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысы.
8. Әрбір рәсімдердің (іс-қимылдардың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе қызметкері өтініш қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады – 15 (он бес) минут;
2) көрсетілетін қызмет берушінің басшысы өтінішті қарайды, көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысын белгілейді – 30 (отыз) минут;
3) көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысы анықтаманың жобасын дайындайды:
көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жерінде болса - 3 (үш) жұмыс күні;
көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жерінде болмаса – 7 (жеті) жұмыс күні;
4) көрсетілетін қызмет берушінің басшысы анықтамаға қол қояды – 30 (отыз) минут;
5) көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға анықтаманы береді – 15 (он бес) минут.
4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну тәртібін, көрсетілетін қызметті алушының өтінішін өңдеу ұзақтығы:
1 процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушының (не оның заңды өкілінің) Стандарттың 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру туралы өтінішін қабылдайды және көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркейді, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;
1 шарт – көрсетілетін қызметті алушы Стандартының 9 тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;
2 процесс – осы Регламенттің 5 тармағында көзделген көрсетілетін қызметті берушінің әрекеттері;
3 процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті құжаттарды алған кезде көрсетілген уақытқа сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетудің түпкілікті нәтижесін береді.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
Құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;
Қызмет көрсетудің рұқсат етілетген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс – қимылдары реттілігінің толық сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
"Техникалық және кәсіптік, | |
орта білімнен кейінгі білім | |
алуды аяқтамаған адамдарға | |
анықтама беру" | |
мемлекеттік көрсетілетін | |
қызметтің | |
регламентіне қосымша |
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Шартты белгілер: