Маңғыстау облысы бойынша бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша жер қойнауын пайдаланушы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін айқындау туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 1 ақпандағы № 21 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 5 ақпанда № 3816 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 29 қаңтардағы № 24 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 29.01.2021 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Кодексінің 274 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27 бабына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысы бойынша бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша жер қойнауын пайдаланушы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері айқындалсын.

      2. "Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Е.Д. Дүзмағамбетов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Р.К. Сәкеевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі Е. Тоғжанов

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
  2019 жылғы "01" 02
  № 21 қаулысына қосымша

Маңғыстау облысы бойынша бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша жер қойнауын пайдаланушы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері

      Кен іздеушіліктің бірінші мен үшінші жылы аралығын қоса алған мерзімдегі қамтамасыз ету мөлшері Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Кодексінің 210 бабының 3 тармағында және 274 бабында белгіленген кен іздеушіліктің бір гектар үшін жұмыстарына жұмсалған жыл сайынғы ең төменгі сомасының 10% мөлшерінде келесі формуламен айқындалады:

      О1=6940×АЕК×10%.

      Ескерту:

      аббревиатураның ажыратылып жазылуы:

      О1 – кен іздеушіліктің бірінші мен үшінші жылы аралығын қоса алған мерзімдегі қамтамасыз ету мөлшері;

      АЕК – республикалық бюджет туралы заңнамамен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіш;

      % – пайыз.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады