2019 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 10 қазандағы № 221 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 24 қазанда № 4004 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" заңдарына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 6 маусымдағы № 228 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 18821 болып тіркелген) сәйкес, Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, 2019 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері бекітілсін.

      2. "2019 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 7 наурыздағы № 44 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3836 болып тіркелген, 2019 жылғы 14 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (С.С. Қалдығұл) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б.А. Қашақовқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі С. Трумов

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
  2019 жылғы 10 қазандағы
  № 221 қаулысына
  қосымша

2019 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері

Субсидиялау бағыты

1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге

Субсидиялар көлемі

Субсидиялар сомасы, мың теңге


Қой шаруашылығы

1

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: қойлардың асыл тұқымды аналық басы

2500

4698 бас

11 745,0

2

Шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру
жөніндегі көрсетілетін қызметтерді субсидиялау

1000

4500 бас

4 500,0


Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы

1

Отандық асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу

150 000

108 бас

16 200,0


Жылқы шаруашылығы

1

Өнімді бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырлар сатып алу

100 000

4 бас

400,0


Түйе шаруашылығы

1

Түйе сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату

55

13 000
килограмм

715,0

Етті құс шаруашылығы

1

Ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапан сатып алу

600

2400
бас

1 440,0

Жиынтығы:



35 000,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады