Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 411 "Азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістеренгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 13 қарашадағы № 238 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 4 желтоқсанда № 4044 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 54 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 08.04.2020 № 54(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңына сәйкес Маңғыстау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 411 "Азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2966 болып тіркелген, 2016 жылғы 24 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      "Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. "Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - ЖАО) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мынадай баламалы негізде:

      1) аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қаланың ЖАО, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорацияс" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);

      3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы" (бұдан әрі - портал) www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады.";

      3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нəтижесі:

      жеке басын куəландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіштегі туу туралы куəлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен жəне түзетулерімен қоса туу туралы қайталама куəлік не Қазақстан Республикасы Əділет министрінің 2015 жылғы 17 сəуірдегі № 219 "Азаматтық хал актілерін тіркеу жəне апостильдеу мəселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11374 болып тіркелген) бекітілген "Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының (бұдан əрі – Стандарт) 10 тармағымен көзделген негіздер мен жағдайлар бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дəлелді жауап.

      Порталда көрсетілетін қызметті алушының "Жеке кабинетіне" қызметті көрсетушінің уəкілетті адамының электрондық цифрлы қолтаңба (бұдан əрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетунəтижесі берілетін күнінің белгіленгені туралы хабарлама не Стандартының 10 тармағымен қарастырылған жағдайларда жəне негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы дəлелді жауап жолданады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нəтижесінің нысаны: қағаз түрінде.";

      4 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рəсімді (іс-əрекетті) бастауға негіздеме:

      тууды тіркеу үшін көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде Стандартының 1 қосымшасына сəйкес нысан бойынша өтініш;

      туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде Стандартының 2 қосымшасына сəйкес нысан бойынша өтініш.";

      6 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерiнiң) тiзбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.";

      "Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. "Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - ЖАО (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мынадай баламалы негізде:

      1) аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қаланың ЖАО, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері;

      2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы" (бұдан әрі - портал) www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады.";

      3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нəтижесі:

      жеке басын куəландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіштегі неке қиюды (ерлі- зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куəлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен жəне түзетулерімен қоса қайталама неке қию (ерлі - зайыптылық) туралы куəлік не Қазақстан Республикасы Əділет министрінің 2015 жылғы 17 сəуірдегі № 219 "Азаматтық хал актілерін тіркеу жəне апостильдеу мəселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11374 болып тіркелген) бекітілген "Неке қиюды (ерлі- зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының (бұдан əрі – Стандарт) 10 тармағында көзделген жағдайларда жəне негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дəлелді жауап.

      Порталда көрсетілетін қызметті алушының "Жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уəкілетті адамының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан əрі - ЭЦҚ) куəландырылған электрондық құжат нысанында электрондық өтінішті қабылдау жəне неке қиюды (ерлі -зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу күнін белгілеу туралы хабарлама не осы мемлекеттік қызмет көрсету Стандартының 10 тармағында көзделген жағдайларда жəне негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанында дəлелді жауап жолданады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нəтижесінің нысаны: қағаз түрінде.";

      4 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рəсімді (іс-əрекетті) бастау үшін негіз болады:

      неке қиюды тіркеу үшін көрсетілетін қызметті берушіге немесе Стандарттың 1 қосымшасына сəйкес нысан бойынша өтініш;

      порталға жүгінген кезде –некеге тұрушы екі тұлғаның ЭЦҚ-мен куəландырылған электрондық өтініш;

      заңмен белгіленген неке (ерлі-зайыпты болу) жасын төмендету қажет болған кезде Стандарттың 2 қосымшысына сəйкес белгіленген нысандағы неке (ерлі- зайыпты болу) жасын төмендету туралы өтініш;

      неке (ерлі-зайыптылық) туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін Стандарттың 3 қосымшасына сəйкес белгіленген нысандағы өтініш.";

      6 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерінің тiзбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.";

      "Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      3 тармақ жаңа редакцияда жаылсын:

      "3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:

      1) Мемлекеттік корпорацияда – азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәлікті немесе анықтаманы не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жауапты жеке басын куәландыратын құжатын көрсеткен кезде Қазақстан Республикасы Əділет министрінің 2015 жылғы 17 сəуірдегі № 219 "Азаматтық хал актілерін тіркеу жəне апостильдеу мəселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11374 болып тіркелген) бекітілген "Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куəліктер немесе анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының (бұдан əрі – Стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайда және де қағаз жеткізгіште беру;

      2) порталда:

      қайталама куәлік алған кезде – электрондық құжат нысанындағы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық өтініштің қабылданғаны туралы хабарлама не Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы дәлелді жауап;

      электрондық құжат нысанындағы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ куәландырылған азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтамалар алу.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.";

      4 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рəсімдерді (іс-қимылдарды) бастау үшін негіз болады:

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде - Стандарттың) 1 қосымшасына сəйкес өтініш;

      порталға жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куəландырылған электрондық өтініш.";

      "Әке болуды анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. "Әке болуды анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - ЖАО) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қаланың ЖАО, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері жүзеге асырады.";

      3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нəтижесі: жеке басын куəландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіштегі əке болуды анықтау туралы куəлік, туу туралы куəлік (туу туралы акт жазбаға өзгерістер енгізілген жағдайда), енгізілген өзгерістерімен, толықтырулармен жəне түзетулермен қоса əке болуды анықтау туралы қайталама куəлік не Қазақстан Республикасы Əділет министрінің 2015 жылғы 17 сəуірдегі № 219 "Азаматтық хал актілерін тіркеу жəне апостильдеу мəселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11374 болып тіркелген) бекітілген "Əкелікті анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1 тармағында көзделген жағдайларда жəне негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дəлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нəтижесінің нысаны: қағаз түрінде.";

      4 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рəсімді (іс-əрекетті) бастау үшін негіз болады:

      əкелікті анықтауды тіркеу үшін көрсетілетін қызметті берушіге немесе Стандарттың 1, 2, 3, 4 қосымшаларына сəйкес нысан бойынша өтініш.

      6 тармақ жаңа редакцияжа жазылсын:

      "6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерінің тiзбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.";

      "Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. "Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - ЖАО) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мынадай баламалы негізде:

      1) аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қаланың ЖАО, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);

      3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы" (бұдан әрі - портал) www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады.";

      3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нəтижесі:

      жеке басын куəландыратын құжатты көрсеткен кезде атын, əкесінің атын, тегін ауыстыру туралы куəлік,туу туралы куəлік (туу туралы акт жазбасын өзгерістер енгізілген жағдайда), енгізілген өзгерістермен, толықтырулармен жəне түзетулермен атын, əкесініңатын, тегін ауыстыру туралы қайталама куəлік не Қазақстан Республикасы Əділет министрінің 2015 жылғы 17 сəуірдегі № 219 "Азаматтық хал актілерін тіркеу жəне апостильдеу мəселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11374 болып тіркелген) бекітілген "Атын, əкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартының (бұдан əрі – Стандарт) 10 тармағында көзделген негіздер бойынша жəне жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дəлелді жауап.

      Порталда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" қызмет берушінің уəкілетті адамының ЭЦҚ қолтаңбасымен куəландырылған электрондық құжат нысанында электрондық өтініштің қабылданғаны жəне атын, əкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу күнінің тағайындалғаны туралы хабарлама не осы мемлекеттік қызмет көрсету Стандартының 10 тармағында көзделген негіздер бойынша жəне жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электронды құжат нысанындағы дəлелді жауап жолданады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нəтижесінің нысаны: қағаз түрінде.";

      4 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рəсімді (іс-əрекетті) бастау үшін негіз болады:

      көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде – Стандарттың 12 қосымшаларына сəйкес нысан бойынша өтініш;

      порталға жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куəландырылған электрондық өтініш.";

      6 тармақ жаңа редакцияжа жазылсын:

      "6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерінің тiзбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.";

      "Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде (бұдан әрі - Регламент):

      1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. "Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - ЖАО) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мынадай баламалы негізде:

      1) аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қаланың ЖАО, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);

      3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы" (бұдан әрі - портал) www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады";

      2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық/қағаз түрінде.";

      3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

      жеке басын куәландыратын құжатты көрсету кезінде азаматтық хал актісін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік не Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 219 "Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11374) бекітілген "Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 10 тармағы бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап.

      Порталда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" қызмет берушінің уәкілетті адамының электронды цифрлы қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында электрондық өтініштің қабылданғаны және азаматтық хал акт жазбасын қалпына келтірукүнінің тағайындалғаны туралы хабарлама не осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 10 тармағында көзделген негіздер бойынша және жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электронды құжат нысанындағы дәлелді жауап жолданады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: қағаз түрінде.";

      4 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде - Стандарттың 1, 2 қосымшаларына сəйкес нысан бойынша өтініш беру мемлекеттiк қызмет көрсету жөніндегі рəсімді (iс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.

      5 тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9 тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы "Неке (ерлі-зайыптылық) жəне отбасы туралы" Кодексінің нормаларына сəйкестігін тексереді, ұсынылған құжаттарды тексеру жəне талдау жасағаннан кейін "Азаматтық хал актілерінің жазбасы" ақпараттық жүйесінде (бұдан əрі – "АХАЖ" АЖ) акт жазбасын қалыптастырады, тіркеуді жүзеге асырады жəне тиісті куəлікті басып шығарады, тиісті куəлікті басып шығарғаннан кейін 6 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды;

      Құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде, қызмет көрсету мерзімі 29 (жиырма тоғыз) күнтiзбелiк күннен аспайтын уақытқа ұзартылады, қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап, көрсетілетін қызметті алушы 2 (екі) күнтізбелік күн ішінде хабардар етіледі.

      азаматтық хал актілері жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш – 6 (алты) жұмыс күні (қабылданған күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде хабардар ете отырып, күнтізбелік 29 (жиырма тоғыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

      порталда – азаматтық хал акт жазбасын қалпына келтіру күнін тағайындау туралы хабарламаны алу – 1 (бір) жұмыс күні;";

      6 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің) тiзбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.";

      7 тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      мынадай мазмұндағы 10 тармақмен толықтырылсын.

      "10. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі жүгіну жəне функционалдық өзара іс-əрекет тəртібін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті алушы порталда жеке сəйкестендіру нөмірі (бұдан əрі – ЖСН) жəне пароль көмегімен тіркеуді жүзеге асырады (порталда тіркелмеген алушылар үшін жүзеге асырылады);

      2) 1- процесс – көрсетілетін қызметті алушымен қызмет алу үшін ЖСН жəне паролін порталға енгізу (авторизациялау процесі);

      3) 1 - шарт – көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын ЖСН мен пароль арқылы порталда тексеру;

      4) 2 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны порталмен қалыптастыру;

      5) 3 – процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығару жəне оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), Стандартың 9 тармағында көрсетілгендей сұрау салу нысанына қажетті электрондық түрдегі құжаттар көшірмелерін қоса беруі, сондай – ақ тұтынушымен сондай-ақ тұтынушымен сұрауды нақтылау үшін (қол қою үшін) электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркеу куəлігін таңдау;

      6) 2 - шарт – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куəлігінің қолданылу мерзімін жəне кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куəліктерінің тізімінде оның болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген (ЖСН жəне ЭЦҚ тіркеу куəлігінде көрсетілген ЖСН арасында сəйкестендіру деректерінің сəйкестігін) тексеру;

      7) 4 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      8) 5 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұранысты куəландыру жəне электронды құжатты (сұранысты) өңдеуі үшін портал арқылы "АХАЖ" АЖ жолдау;

      9) 3 - шарт - қызмет көрсетуге негіз болатын Стандарттың 9 тармағында көрсетілгендей, көрсетілетін қызметті берушімен көрсетілетін қызметті алушының қосымша жалғаған құжаттарының сəйкестігін тексеру (өңдеу);

      10) 6 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтар болуына байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      11) 7 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталда қалыптастырылған көрсетілетін қызмет (хабарлама) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің ЭЦҚ пайдалана отырып қалыптастырылады.

      Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуде қолданылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-əрекеттері осы регламенттің 2 қосымшасына сəйкес диаграммасында келтірілген.";

      Регламенттің қосымшасында:

      жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтін жаңа редакцияда жазылсын:

  "Азаматтық хал актілерінің
  жазбаларын қалпына келтіру"
  мемлекеттік көрсетілетін
  қызметіне 1 қосымша";

      осы қаулыға 1 қосымшаға сәйкес регламенттің 2 қосымшамен толықтырылсын;

      "Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. "Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - ЖАО) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мынадай баламалы негізде:

      1) аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қаланың ЖАО, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);

      3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы" (бұдан әрі - портал) www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады.";

      2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық/қағаз түрінде.

      3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

      жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіштегі қайтыс болу туралы куәлік немесе анықтама, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен қоса қайтыс болу туралы қайталама куәлік не Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 219 "Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11374) бекітілген "Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 10 тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нəтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      Порталда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" қызмет берушінің уәкілетті адамының электронды цифрлы қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі берілетін күнінің белгіленгені туралы хабарлама не осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 10-тармағында көзделген негіздер бойынша және жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электронды құжат нысанындағы дәлелді жауап жолданады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: қағаз түрінде.";

      5 тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9 тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы "Неке (ерлі-зайыптылық) жəне отбасы туралы" Кодексінің нормаларына сəйкестігін тексереді, ұсынылған құжаттарды тексеру жəне талдау жасағаннан кейін "Азаматтық хал актілерінің жазбасы" ақпараттық жүйесінде (бұдан əрі – "АХАЖ" АЖ) акт жазбасын қалыптастырады, тіркеуді жүзеге асырады жəне тиісті куəлікті басып шығарады, тиісті куəлікті басып шығарғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды;

      Стандарттың 9 тармағында белгіленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде, қызмет көрсету мерзімі 29 (жиырма тоғыз) күнтiзбелiк күннен аспайтын уақытқа ұзартылады, қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап, көрсетілетін қызметті алушы 2 (екі) күнтізбелік күн ішінде хабардар етіледі.

      порталда – азаматтық хал акт жазбасын қалпына келтіру күнін тағайындау туралы хабарламаны алу – 1 (бір) жұмыс күні;

      Нəтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жəне елтаңбалы мөрін басу үшін жолдайды.";

      6 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің) тiзбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.";

      7 тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9 тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы "Неке (ерлі-зайыптылық) жəне отбасы туралы" Кодексінің нормаларына сəйкестігін тексереді, ұсынылған құжаттарды тексеру жəне талдау жасағаннан кейін "Азаматтық хал актілерінің жазбасы" ақпараттық жүйесінде (бұдан əрі – "АХАЖ" АЖ) акт жазбасын қалыптастырады, тіркеуді жүзеге асырады жəне тиісті куəлікті басып шығарады, тиісті куəлікті басып шығарғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды;

      Стандарттың 9 тармағында белгіленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде, қызмет көрсету мерзімі 29 (жиырма тоғыз) күнтiзбелiк күннен аспайтын уақытқа ұзартылады, қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап, көрсетілетін қызметті алушы 2 (екі) күнтізбелік күн ішінде хабардар етіледі.

      порталда – өтінішті қабылдағанын растау бөлігінде хабарлама алу – 1 (бір) жұмыс күн;";

      мынандай мазмұндағы 10 тармақпен толықтырылсын:

      "10. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі жүгіну жəне функционалдық өзара іс-əрекет тəртібін сипаттау:

       1) көрсетілетін қызметті алушы порталда жеке сəйкестендіру нөмірі (бұдан əрі – ЖСН) жəне пароль көмегімен тіркеуді жүзеге асырады (порталда тіркелмеген алушылар үшін жүзеге асырылады);

      2) 1- процесс – көрсетілетін қызметті алушымен қызмет алу үшін ЖСН жəне паролін порталға енгізу (авторизациялау процесі);

      3) 1 - шарт – көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын ЖСН мен пароль арқылы порталда тексеру;

      4) 2 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны порталмен қалыптастыру;

      5) 3 – процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығару жəне оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), Стандартың 9 тармағында көрсетілгендей сұрау салу нысанына қажетті электрондық түрдегі құжаттар көшірмелерін қоса беруі, сондай – ақ тұтынушымен сондай-ақ тұтынушымен сұрауды нақтылау үшін (қол қою үшін) электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркеу куəлігін таңдау;

      6) 2 - шарт – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куəлігінің қолданылу мерзімін жəне кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куəліктерінің тізімінде оның болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген (ЖСН жəне ЭЦҚ тіркеу куəлігінде көрсетілген ЖСН арасында сəйкестендіру деректерінің сəйкестігін) тексеру;

      7) 4 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      8) 5 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұранысты куəландыру жəне электронды құжатты (сұранысты) өңдеуі үшін портал арқылы "АХАЖ" АЖ жолдау;

      9) 3 - шарт - қызмет көрсетуге негіз болатын Стандарттың 9 тармағында көрсетілгендей, көрсетілетін қызметті берушімен көрсетілетін қызметті алушының қосымша жалғаған құжаттарының сəйкестігін тексеру (өңдеу);

      10) 6 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтар болуына байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      11) 7 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталда қалыптастырылған көрсетілетін қызмет (хабарлама) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің ЭЦҚ пайдалана отырып қалыптастырылады.

      Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуде қолданылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-əрекеттері осы регламенттің 2 қосымшасына сәйкес диаграммада келтірілген.";

      Регламенттің қосымшасында:

      жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтін жаңа редакцияда жазылсын:

  "Қайтыс болуды тіркеу,
  оның ішінде азаматтық
  хал актілері жазбаларына
  өзгерістер, толықтырулар
  мен түзетулер енгізу"
  мемлекеттік көрсетілетін
  қызметіне 1 қосымша";

      осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес Регламент 2 қосымшамен толықтырылсын;

      "Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде (бұдан әрі - Регламент):

      1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. "Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - ЖАО) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қаланың ЖАО, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері жүзеге асырады.";

      3 тармақ қ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нəтижесі: жеке басын куəландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіштегі ұл (қыз) асырап алу туралы жəне баланың туу туралы куəлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен жəне түзетулерімен ұл (қыз) асырап алу туралы қайталама куəлік не Қазақстан Республикасы Əділет министрінің 2015 жылғы 17 сəуірдегі № 219 "Азаматтық хал актілерін тіркеу жəне апостильдеу мəселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11374 болып тіркелген) бекітілген "Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан əрі – Стандарт) 9-1 тармағында көзделген негіздер мен жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дəлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нəтижесінің нысаны: қағаз түрінде.";

      4 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рəсімді (іс-қимылдарды) бастау үшін негіз болады: бала асырап алуды тіркеу үшін көрсетілетін қызметті берушіге немесе Стандартының 1, 2 қосымшаларына сəйкес нысан бойынша өтініш.";

      6 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің) тiзбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.";

      "Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. "Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мынадай баламалы негізде:

      1) аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);

      3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы" (бұдан әрі - портал) www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады.";

      3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нəтижесі: жеке басын куəландыратын құжатты көрсету кезінде қағаз жеткізгіштегі некені (ерлі- зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы куəлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен жəне түзетулерімен некені (ерлі- зайыптылықты) бұзу туралы қайталама куəлік не Қазақстан Республикасы Əділет министрінің 2015 жылғы 17 сəуірдегі № 219 "Азаматтық хал актілерін тіркеу жəне апостильдеу мəселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11374 болып тіркелген) бекітілген "Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының (бұдан əрі – Стандарт) 10 тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дəлелді жауап.

      Порталда көрсетілетін қызметті алушының "Жеке кабинетіне" қызметті берушінің уəкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан əрі - ЭЦҚ) куəландырылған электрондық құжат нысанында электрондық өтініштің қабылданғанын растау жəне некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу күнінің белгіленуі туралы хабарлама не осы мемлекеттік қызмет көрсету Стандартының 10 тармағында көзделген негіздер мен жағдайлар бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электронды құжат нысанында дəлелді жауап жолданады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нəтижесінің нысаны: қағаз түрінде.";

      4 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рəсімді (іс-əрекетті) бастау үшін негіз болады: көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде –Стандарттың 1, 2, 3, 4 қосымшаларына сəйкес нысан бойынша өтініш; порталға жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куəландырылған электрондық өтініш.";

      6 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің) тiзбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.";

      "Азаматтық хал актілері жазбаларын жою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде (бұдан әрі - Регламент):

      1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. "Азаматтық хал актілері жазбаларын жою" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - ЖАО) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мынадай баламалы негізде:

      көрсетілетін қызметті беруші;

      аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қаланың ЖАО, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері;

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      "электрондық үкіметтің" веб-порталы" (бұдан әрі – портал) www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады.";

      2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық/қағаз түрінде.";

      3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

      азаматтық хал акті жазбасының күшін мүдделі тараптардың өтініші бойынша, сондай-ақ сот шешімі негізінде жойған кезде - азаматтық хал акті жазбасының күшін жою туралы тіркеуші органның жауабы;

      әке болуды анықтау, бала асырап алу (алғашқы қалыптастырылған жеке сәйкестендіру нөмірін қалпына келтірумен), атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы жазбалардың күшін жойған кезде - бастапқы деректермен қайталама туу туралы куәлік, қажет болған жағдайда, туу туралы анықтама;

      неке бұзу туралы акт жазбасының күшін жойған кезде - тиісті некені қию туралы куәлік;

      Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 219 "Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11374) бекітілген "Азаматтық хал актілері жазбаларын жою"мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 10 тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап.

      Порталда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" қызмет берушінің уәкілетті адамының электронды цифрлы қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында электрондық өтініштің қабылданғаны және азаматтық хал акт жазбасын жою күнінің тағайындалғаны туралы хабарлама не осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 10 тармағында көзделген негіздер бойынша және жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электронды құжат нысанындағы дәлелді жауап жолданады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: қағаз түрінде.";

      5 тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды, бір ай ішінде (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

      мүдделі тұлғалардың өтініші бойынша, басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу және қосымша зерделеу немесе тексеруді жүргізу қажет болған кезде, қарау мерзімі қызметті алушыны қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап көрсетілетін 2 (екі) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, 29 (жиырма тоғыз) күнтізбелік күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

      азаматтық хал актілері жазбаларын жою: сот шешімінің негізінде - күнтізбелік 14 (он төрт) күн (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде, қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 2 (екі) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, 29 (жиырма тоғыз) күнтізбелік күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасы;

      порталда – азаматтық хал акт жазбасын жою күнін тағайындау туралы хабарламаны алу – 1 (бір) жұмыс күні;";

      7 тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды, 29 (жиырма тоғыз) күнтізбелік күн (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

      мүдделі тұлғалардың өтініші бойынша, басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу және қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған кезде, қарау мерзімі қызметті алушыны қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап көрсетілетін 2 (екі) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, 29 (жиырма тоғыз) күнтізбелік күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

      азаматтық хал актілері жазбаларын жою: сот шешімінің негізінде – күнтізбелік 14 (он төрт) күн (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде, қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде хабардар ете отырып, күнтізбелік 29 (жиырма тоғыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

      порталда – азаматтық хал акт жазбасын жою күнін тағайындау туралы хабарламаны алу – 1 (бір) жұмыс күні;";

      мынадай мазмұндағы 4 бөліммен толықтырылсын:

      "4. Мемлекеттік корпорациямен жəне (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-қимыл тəртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелердi пайдалану тəртiбiн сипаттау";

      мынадай мазмұндағы 8, 9 және 10 тармақтармен толықтырылсын:

      "8. Əрбір процестің ұзақтығын көрсете отырып, Мемлекеттік корпорация арқылы жүгiну тəртiбiн сипаттау:

      1) Мемлекеттік корпорацияның инспекторы өтінішті 15 (он бес) минут ішінде тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдағаны жөнінде қолхат береді және қабылданған құжаттарды Мемлекеттік корпорацияның жинақтау секторына табыстайды. Мемлекеттік корпорацияның жинақтау секторы сол жұмыс күні ішінде құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 10-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда инспекторы өтініш қабылдаудан бас тартады;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері келген құжаттарды тіркеп, қабылданған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады - 20 (жиырма) минут ішінде;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттармен танысады және 30 (отыз) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына орындауға жолдайды;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттардың толықтығын тексереді мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы сол жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды және оны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды;

      6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 10 (он) минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін тіркеп, Мемлекеттік корпорацияға жолдайды;

      7) Мемлекеттік корпорация инспекторы көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін береді.

      9. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі жүгіну жəне функционалдық өзара іс-əрекет тəртібін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті алушы порталда жеке сəйкестендіру нөмірі (бұдан əрі – ЖСН) жəне пароль көмегімен тіркеуді жүзеге асырады (порталда тіркелмеген алушылар үшін жүзеге асырылады);

      2) 1- процесс – көрсетілетін қызметті алушымен қызмет алу үшін ЖСН жəне паролін порталға енгізу (авторизациялау процесі);

      3) 1 - шарт – көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын ЖСН мен пароль арқылы порталда тексеру;

      4) 2 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны порталмен қалыптастыру;

      5) 3 – процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығару жəне оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), Стандартың 9 тармағында көрсетілгендей сұрау салу нысанына қажетті электрондық түрдегі құжаттар көшірмелерін қоса беруі, сондай – ақ тұтынушымен сондай-ақ тұтынушымен сұрауды нақтылау үшін (қол қою үшін) электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркеу куəлігін таңдау;

      6) 2 - шарт – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куəлігінің қолданылу мерзімін жəне кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куəліктерінің тізімінде оның болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген (ЖСН жəне ЭЦҚ тіркеу куəлігінде көрсетілген ЖСН арасында сəйкестендіру деректерінің сəйкестігін) тексеру;

      7) 4 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      8) 5 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұранысты куəландыру жəне электронды құжатты (сұранысты) өңдеуі үшін портал арқылы "АХАЖ" АЖ жолдау;

      9) 3 - шарт - қызмет көрсетуге негіз болатын Стандарттың 9 тармағында көрсетілгендей, көрсетілетін қызметті берушімен көрсетілетін қызметті алушының қосымша жалғаған құжаттарының сəйкестігін тексеру (өңдеу);

      10) 6 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтар болуына байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      11) 7 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталда қалыптастырылған көрсетілетін қызмет (хабарлама) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің ЭЦҚ пайдалана отырып қалыптастырылады.

      Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуде қолданылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-əрекеттері осы регламенттің 2 қосымшасына сәйкес диаграммада келтірілген.";

      10. Мемлекеттік қызметті көрсету процесініде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рəсімдерінің (іс- əрекеттерінің), өзара іс-əрекеттерінің реттілігінің толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілген қызметті берушілермен жəне (немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-əрекет тəртібінің жəне мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тəртібінің сипаттамасы регламентке 1 қосымшаға сəйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес - процестерінің анықтамалығында келтірілген.";

      Регламенттің қосымшасында:

      жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтін жаңа редакцияда жазылсын:

  "Азаматтық хал актілері
  жазбаларын жою" мемлекеттік
  көрсетілетін қызметіне 1 қосымша";

      осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес Регламент 2 қосымшамын толықтырылсын.

      2. "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Н.Т. Тәжібаев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімі аппаратының басшысы Н.Т. Тәжібаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі С. Трумов

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
  2019жылғы 13 қарашадағы
  № 238 қаулысына 1 қосымша
  "Азаматтық хал актілерінің
  жазбаларын қалпына келтіру"
  мемлекеттік көрсетілетін қызмет
  регламентіне 2 қосымша

Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуде қолданылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс - әрекеттерінің диаграммасы

Шартты белгілері

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
  2019жылғы 13 қарашадағы
  № 238 қаулысына 2 қосымша
  "Қайтыс болуды тіркеу
  оның ішінде азаматтық хал актілері
  жазбаларына
  өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер
  енгізу"
  мемлекеттік көрсетілетін қызмет
  регламентіне 2 қосымша

Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуде қолданылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс - әрекеттерінің диаграммасы

Шартты белгілер

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
  2019 жылғы 13 қарашадағы
  № 238 қаулысына 3 қосымша
  "Азаматтық хал актілерін жою"
  мемлекеттік көрсетілетін
  қызметіне регламентіне 2 қосымша

Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуде қолданылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс - әрекеттерінің диаграммасы

Шартты белгілері

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады