Ақтау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/58 "Ақтау қаласында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2019 жылғы 13 наурыздағы № 24/258 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 26 наурызда № 3847 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 2/18 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 16.04.2021 №2/18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы №445 "Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №11745 болып тіркелген) сәйкес, сонымен қатар Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2019 жылғы 15 ақпандағы №10-15-296 ұсынысының негізінде Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 13.05.2019 № 26/274 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. "Ақтау қаласында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Ақтау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы №5/58 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3190 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және Ақтау қаласының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:

      келесідей мазмұндағы 14-2 тармақпен толықтырылсын:

      "14-2. Әлеуметтік көмек мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын, бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, жоғары және кәсіптік білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға азық-түлік өнімдерінің бағасының қымбаттауына байланысты уәкілетті органмен бекітілген тізім бойынша біржолғы 100 (жүз) мың теңге мөлшерінде көрсетіледі.";

      көрсетілген қағиданың 2 қосымшасында:

      реттік нөмірі 4 жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "


4

9 мамыр – Жеңіс күні

Ұлы Отан соғысының қатысушылары және мүгедектері

100 айлық есептік көрсеткіш


Жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар (Чернобыль АЭС-індегі апаттың салдарынан мүгедек болған адамдардан басқа)

60 айлық есептік көрсеткіш

Жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдар (1986-1987 жылдардағы Чернобыль АЭС-індегі апат зардаптарын жоюға қатысушылардан басқа)

50 айлық есептік көрсеткіш

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдар

40 айлық есептік көрсеткіш

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердiң ата-аналары және екiншi рет некеге тұрмаған жесiрлерi

40 айлық есептік көрсеткіш

Ауғанстандағы немесе соғыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегі соғыс қимылдары кезiнде қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертiгу, ауру салдарынан қайтыс болған әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасылары;
бейбiт уақытта әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет атқару кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасылары, қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң отбасылары;
Чернобыль АЭС-індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарын жою кезiнде қаза тапқандардың отбасылары;
сәуле аурулары салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердiң, сондай-ақ қайтыс болуы Чернобыль АЭС-індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсерiне белгiленген тәртiппен байланысты болған азаматтардың отбасылары

40 айлық есептік көрсеткіш

Екiншi рет некеге тұрмаған, қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерi (күйеулерi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізушілердің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығу, еңбекте мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндерiн қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған азаматтардың әйелдерi (күйеулерi)

40 айлық есептік көрсеткіш

      ".

      2. "Ақтау қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы − Д.Телегенова) осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтау қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелер және заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ы. Көшербай) жүктелсін.

      4. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту: аббревиатуралардың ажыратылып жазылу:

      "КСР Одағы" - "Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы";

      "Чернобыльдағы АЭС" - "Чернобыльдағы атом электр станциясы".

      Сессия төрағасы М.Молдағұлов
      Ақтау қалалық мәслихатының хатшысы С. Зәкенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады