Жаңаөзен қаласы әкімінің 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 1 "Сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 9 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 7 мамырда № 3884 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Заңына сәйкес және Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2019 жылғы 11 ақпандағы № 10-11-256 ақпараттық хатының негізінде, Жаңаөзен қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1."Сайлау учаскелерін құру туралы" Жаңаөзен қаласы әкімінің 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 1 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3774 болып тіркелген, 2019 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      1 қосымшада:

      № 71 сайлау учаскесі келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 71 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жаңаөзен қаласының Теңге ауылы, Жаңаөзен қаласы әкімдігінің "№11 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Теңге ауылындағы Мұса Төлеуұлы, Нұрғиса Тілендиев, Нұркен Әбдіров, Төле би, Әнес Айтниязов, Жұмекен Нажимеденов, Жайберген Бейнеубаев, Төлеген Тоқтаров, Төлеген Айбергенов, Мұқан Төлебаев, Ғани Мұратбаев, Мәлік Ғабдуллин, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Ілияс Есенберлин, Ахмет Жұбанов, Меңдекеш Сатыбалдиев, Нұрым Жырау Шыршығұлұлы, Ер Шабай, Қазақстан, Абыл Өтембетұлы көшелеріндегі барлық үйлер; Маңғыстау облысы әкімдігінің Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны; Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Жаңаөзен қалалық перзентханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны; Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Жаңаөзен ауданаралық туберкулез ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны; Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны; "Медицина" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі"; "Медикер плюс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі; "Жалымбетов медициналық орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі; "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Маңғыстау облысының полиция департаменті Жаңаөзен қаласының полиция басқармасы" мемлекеттік мекемесі.".

      2. "Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына (К.Кусайнов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңаөзен қаласы әкімінің аппаратының басшысы К.Кусайновқа жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жаңаөзен қаласының әкімі Ә. Дауылбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады