Маңғыстау ауданы әкімінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 12 "Маңғыстау ауданында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімінің 2019 жылғы 16 мамырдағы № 3 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 17 мамырда № 3890 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 23 бабының 1 тармағына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 24 бабының 6 тармағына сәйкес Маңғыстау ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. "Маңғыстау ауданында сайлау учаскелерін құру туралы" Маңғыстау ауданы әкімінің 2015 жылғы 29 маусымдағы №12 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2787 болып тіркелген, 2015 жылы 19 тамыздағы "Жаңа өмір" газетінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      қосымшада:

      №166 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 166 сайлау учаскесі

      Орталығы: Шетпе ауылы, "Өрлеу" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының аудандық мәдениет үйінің ғимараты.

      Шекарасы: Орталық шағын ауданының барлық тұрғын үйлері, Қызылтұран шағын ауданының №№ 1-100 тұрғын үйлері, Қарашоқы шағын ауданының Мешіт – Базарлы автокөлік жолының шығыс жағында орналасқан барлық тұрғын үйлер, "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Маңғыстау облысының Полиция департаменті Маңғыстау ауданының Полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі, №14 теміржол бекетінің тұрғын үйлері.".

      2. "Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Ж.Шарқатбаева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Махмутовқа жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау ауданының әкімі Т. Көшмағанбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады