Маңғыстау ауданы әкімінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 12 "Маңғыстау ауданында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімінің 2019 жылғы 31 қазандағы № 9 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 8 қарашада № 4017 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Маңғыстау ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. "Маңғыстау ауданында сайлау учаскелерін құру туралы" Маңғыстау ауданы әкімінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 12 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2787 болып тіркелген, 2015 жылы 19 тамыздағы "Жаңа өмір" газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Маңғыстау ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелері қосымшаға сәйкес құрылсын.";

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Ж. Шарқатбаева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Махмутовқа жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Т. Кушмаганбетов

  Маңғыстау ауданы әкімінің
  2019 жылғы 31 қазандағы
  № 9 шешіміне қосымша
  Маңғыстау ауданы әкімінің
  2015 жылғы 29 маусымдағы
  № 12 шешіміне қосымша

Маңғыстау ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелері № 166 сайлау учаскесі

      Орталығы: Шетпе ауылы, Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өрлеу" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының аудандық мәдениет үйінің ғимараты.

      Шекарасы: Орталық шағын ауданының барлық тұрғын үйлері, Қызылтұран шағын ауданының тұрғын үйлері, Қарашоқы шағын ауданының Мешіт – Базарлы автокөлік жолының шығыс жағында орналасқан барлық тұрғын үйлер, "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Маңғыстау облысының Полиция департаменті Маңғыстау ауданының Полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі, № 14 теміржол бекетінің тұрғын үйлері.

№ 167 сайлау учаскесі

      Орталығы: Шетпе ауылы, Маңғыстау аудандық білім бөлімінің "Алшын Меңдалыұлы атындағы орта мектеп" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Базарлы шағын ауданының, Бөгет шағын ауданының, Мақаш шағын ауданының, Құрылысшы шағын ауданының тұрғын үйлері, Қарашоқы шағын ауданының Мешіт – Базарлы автокөлік жолының батыс жағында орналасқан барлық тұрғын үйлер.

№ 168 сайлау учаскесі

      Орталығы: Шетпе ауылы, "Маңғыстау аудандық білім бөлімінің Мекерия Атымов атындағы № 6 орта мектеп" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Жаңаорпа шағын ауданының, Ащыбұлақ шағын ауданының тұрғын үйлері, Қызылтұран карьері, Аэропорт, Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Маңғыстау орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ғимараты жерлеріндегі тұрғын үйлер.

№ 169 сайлау учаскесі

      Орталығы: Шетпе ауылы, "Нұн Жұбаев атындағы орта мектеп" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Шетпе-1 шағын ауданының тұрғын үйлері, "МырзАбек-Алтын Тас групп" акционерлік қоғамының жатақханасы, Шақырған, Қарашымырау, Шилібұлақ, Сиырсу, Көгез, Шілгөз, Арпалы, Иір жеріндегі тұрғын үйлер.

№ 170 сайлау учаскесі

      Орталығы: Шетпе ауылы, Маңғыстау аудандық білім бөлімінің "№ 5 бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Қосбұлақ шағын ауданының, Қосбұлақ-2 шағын ауданының, Аусары елді мекенінің және № 13 теміржол бекетінінің тұрғын үйлері.

№ 171 сайлау учаскесі

      Орталығы: Сайөтес ауылдық округі, Сайөтес ауылы, Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өрлеу" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ауылдық клуб ғимараты.

      Шекарасы: Батыс ауылының, Шығыс ауылының, Оңтүстік ауылының, Оңтүстік шығыс ауылының, Толыбай ауылының тұрғын үйлері, Теміржол ауылының 16 пәтерлі №№ 1-11 үйлері, 12 пәтерлі №№ 1-7 тұрғын үйлері, №№ 6,7,9 теміржол бекеттеріндегі тұрғын үйлер.

№ 172 сайлау учаскесі

      Орталығы: Сайөтес ауылдық округі, Боздақ елді мекені, Маңғыстау аудандық білім бөлімінің "Боздақ бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Боздақ елді мекенінің 16 пәтерлі №№ 1-15 үйлері, Жаңа ауыл көшесінің тұрғын үйлері.

№ 173 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Қарақұдықмұнай" кенорны, № 6 жатақхана ғимараты.

      Шекарасы: "Қарақұдықмұнай", "Кен-Сары", "Ком-Мұнай" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің вахта қалашықтары.

№ 174 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жыңғылды ауылы, Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өрлеу" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйі ғимараты.

      Шекарасы: Өрлеубай шағын ауданының, Қожық шағын ауданының, Бегей батыр шағын ауданының, Алшын Меңдалыұлы шағын ауданының, Жаман Мәтұлы шағын ауданының, Айназар Ата шағын ауданының, Нұрсейіт Бейнеуов шағын ауданының, Әнеш шағын ауданының, Шамығұл Ыбырайымұлы шағын ауданының, Айжанақ шағын ауданының, Рай шағын ауданының, Құлыш шағын ауданының, Ақфонтан шағын ауданының тұрғын үйлері, Шат, Қарақолқа, Кабиналы, Ұланақ, Бірқарын, Шағылқора, Тұщықи, Ақбас, Сартөбе, Кеңқолтық, Жылыбауыр қыстауларының тұрғын үйлері.

№ 175 сайлау учаскесі

      Орталығы: Отпан ауылдық округі, Тұщыбек елді мекені, Маңғыстау аудандық білім бөлімінің "Тұщыбек негізгі орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Тұщыбек елді мекеніндегі тұрғын үйлер, Маңғыстау аудандық білім бөлімінің "Тұщыбек негізгі орта мектебі" мемлекеттік мекемесі, "Отпан ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, медициналық пункт, "Аман бұлақ" кешені, "Адай Ата-Отпан тау" тарихи-мәдени кешені, Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Маңғыстау облыстық Е.Оразақов атындағы туберкулезге қарсы санаторийі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимараттары, №15 теміржол бекетінің тұрғын үйлері.

№ 176 сайлау учаскесі

      Орталығы: Шайыр ауылдық округі, Шайыр ауылы, Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өрлеу" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйі ғимараты.

      Шекарасы: Қыдырбай Тұрмағанбетұлы көшесінің, Жұмақожа Сәрсенғожаев көшесінің, Исатай Сүйеубаев көшесінің, Құрмет Құспанов көшесінің, Әмин Тұяқов көшесінің тұрғын үйлері, Боқтысай, Жалған, Боздақ, Шилі, Шағылсай, Қызылеспе, Аққорған, Қарабас, Құмаққора қыстауларындағы тұрғын үйлер.

№ 177 сайлау учаскесі

      Орталығы: Шайыр ауылдық округі, Тиген елді мекені, Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Маңғыстау орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнынның ауылдық медициналық пункт ғимараты.

      Шекарасы: Тиген елді мекенінінің №№ 1-30 тұрғын үйлері, Тасмұрын елді мекенінің №№ 1-6 тұрғын үйлері, Селеулі, Теріс бауыр, Бисалы, Шаршы қора, Керімді, Дағдұщы, Андығара, Ұзынбас, Шеккі қора, Қырықбасан, Ақсай, Қызыл ауыз, Қиян, Ботагөз, Қақпақты, Жырыққора, Шаршықора қыстауларындағы тұрғын үйлер.

№ 178 сайлау учаскесі

      Орталығы: Тұщықұдық ауылдық округі, Тұщықұдық ауылы, Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өрлеу" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйі ғимараты.

      Шекарасы: Сисен Абдрахманов көшесінің, Нұржігіт Қойшыбаев көшесінің, Абыл жыршы көшесінің, Досан батыр көшесінің, Айдар ишан көшесінің, Есболай Атағозиев қөшесінің, Қаламқас көшесінің, Матжан би көшесінің, Иса Тіленбаев көшесінің, Аяш Қуанов көшесінің, Құлбарақ көшесінің, Бүркітбай көшесінің, Қойсары көшесінің, Маңғыбай көшесінің, Шотан Назарұлы көшесінің, Амангелді Қодаров көшесінің, Қалмырза Жұмалиев көшесінің, Иса Жанаділов көшесінің, Шаңытбай Томпиев көшесінің тұрғын үйлері, Қияқты, Досалы елді мекендеріндегі тұрғын үйлер.

№ 179 сайлау учаскесі

      Орталығы: Шебір ауылдық округі, Шебір ауылы, Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өрлеу" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйі ғимараты.

      Шекарасы: Ержан Төлегенұлы көшесінің, Шүкірбай Қосжанұлы көшесінің, Есбол Далмағанбетұлы көшесінің, Медина Құбышев көшесінің, Жұмағали Жапақов көшесінің, Әуеталық-Қожыр көшесінің, Төлеу-Халифа көшесінің, Қойбас Қожантай көшесінің, Тәуелсіздік көшесінің, Орта Еспе көшесінің, Несібек-Нұр көшесінің тұрғын үйлері, Бас, Қаламқас елді мекендеріндегі, Жерүй қора, Сүйінші қыстауларындағы тұрғын үйлер.

№ 180 сайлау учаскесі

      Орталығы: Қызан ауылы, Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өрлеу" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйі ғимараты.

      Шекарасы: Мұрын Жырау көшесінің, Досан батыр көшесінің, 1, 2, 3, 4, 5, 7 шағын аудандарының тұрғын үйлері, Жиделі Қарабатыр, Қараш, Қамай, Сарытөбе, Тарқолқа, Жанұзақ, Нұрылда, Сарғат, Танас, Айыртөбе, Мадияр, Құдайберген – 1, Құдайберген – 2 қыстауларындағы тұрғын үйлер.

№ 181 сайлау учаскесі

      Орталығы: Ақшымырау ауылы, "Тобанияз атындағы орта мектеп" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: 1, 2, 3, 4, 5, 6 шағын аудандарының тұрғын үйлері, Айтолыс, Торыат, Құтты, Шаған, Қызық қыстақтарындағы, "Ком-Мұнай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кен орнындағы тұрғын үйлер.

№ 182 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жармыш ауылы, Маңғыстау аудандық білім бөлімінің "Жармыш орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Сүгір көшесінің, Жаманқара көшесінің, Рахмет көшесінің, Бердалы көшесінің, Асай көшесінің, Батыс шағын ауданының тұрғын үйлері, №№ 11, 12, 13 теміржол бекеттерінің, Өреулі елді мекенінің, Аманқызылит, Ауыздыбасты, Жапырақты, Күшікбай, Тамды, Дөңгелек, Сарытұрақ, Қарағанды, Қошқар, Шәкей, Нақбай, Құдайберген, Жетікүп, Нысап, Сердалы, Құбай ұшқан, Құрша, Ұзынкөзе қыстауларының тұрғын үйлері.

№ 183 сайлау учаскесі

      Орталығы: Онды ауылдық округі, Онды ауылы, Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өрлеу" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйі ғимараты.

      Шекарасы: Орталық көшесінің, Жастар көшесінің, Қызылтам көшесінің, Мұрат Өскінбайұлы көшесінің, Тоқбай бұлақ көшесінің, Қойлан көшесінің, Құрмаш Қосжанұлы көшесінің, Еділбай Төлебаев көшесінің, Кез көшесінің, Әбіш Кекілбайұлы көшесінің тұрғын үйлері, Желдімұрын, Өңеже, Ұшан, Онды лагері, Жаңа су, Көрікті, Айыртам, Құмшоқы, Сайком қыстақтарындағы тұрғын үйлер.

№ 184 сайлау учаскесі

      Орталығы: Онды ауылдық округі, Бекі елді мекені, "Бекі бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Бекі елді мекенінің тұрғын үйлері, Басқұдық елді мекенінің тұрғын үйлері, Байқасқа, Есената, Жарауыл, Майкөмген, Мақсым, Сәубет, Тасбас, Шұқырой, Көріктітөбе, Желтимес, Таубай, Әйлек, Қандыбас, Гүлшат, Бақыт қора, Жолболай қора қыстақтарындағы тұрғын үйлер.

№ 185 сайлау учаскесі

      Орталығы: Ақтөбе ауылдық округі, Ұштаған ауылы, Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өрлеу" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйі ғимараты.

      Шекарасы: Ынтымақ көшесінің, Солтүстік көшесінің, Бақша көшесінің, Асқар Өтепбергенов көшесінің, Батыс көшесінің, Ұлан көшесінің, Жаңа ауыл көшесінің, Откорм көшесінің, Ірге ауыл көшесінің, Барыс көшесінің, Мектеп көшесінің, Желтоқсан көшесінінің, Жастар көшесінің тұрғын үйлері, Жарма, Сазды, Сауысқан елді мекендеріндегі, Жаңаша қыстауындағы тұрғын үйлер.

№ 186 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Қаламқас" кенорны, вахта қалашығы, спорт кешені ғимараты.

      Шекарасы: "Қаламқас" кенорнындағы "Маңғыстаумұнайгаз" акционерлік қоғамы ұйымдарының вахта қалашығы.

№ 187 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Қаламқас" кенорны, вахта қалашығы, спорт кешені ғимараты.

      Шекарасы: "Қаламқас" кенорнындағы сервистік ұйымдардың және "Қаратұрым" мұнай-газ кен орнының вахта қалашығы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады