Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" заңдарына сәйкес, Мұнайлы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
2. "Мұнайлы аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Е. Овезов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Біләловке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Р. Елтизаров |
Мұнайлы ауданы әкімдігінің | |
2019 жылғы "21" ақпан | |
№ 27-қ қаулысына | |
қосымша |
2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 05.12.2019 № 264-қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарындағы топтар | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілер саны (жеке меншік, мемлекеттік) | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарында бір тәрбиеленушіге бір айда жұмсалатын шығындардың орташа құны (жеке меншік, мемлекеттік), теңге | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарында ата-ананың бір айдағы төлемақысының мөлшері (жеке меншік, мемлекеттік), теңге | |||||||
Балабақша | Мектеп жанындағы толық күн болатын шағын орталық | Толық күн болатын мектепке дейінгі шағын орталық | Балабақша | Мектеп жанындағы толық күн болатын шағын орталық | Түзету топтары | Толық күн болатын мектепке дейінгі шағын орталық | Балабақша | Мектеп жанындағы толық күн болатын шағын орталық | Толық күн болатын мектепке дейінгі шағын орталық | |
1-ден 3-ке дейінгі топтар | 150 | 2808 | 29518 | 45579 | 30150 | 12464 | 12464 | |||
4-тен 5-ке дейінгі топтар | 100 | 188 | 1206 | 30150 | 29518 | 30150 | 12464 | 12464 | 12464 | |
6-дан 7-ге дейінгі топтар | 150 | 605 | 30150 | 30150 | 12464 | 12464 | ||||
8-ден 9-ға дейінгі топтар | 415 | 30150 | 12464 | |||||||
10-нан және одан да көп топтар | 1650 | 30150 | 12464 |