Маңғыстау ауылы әкімінің 2008 жылғы 16 маусымдағы № 226 "Маңғыстау ауылының әкімшілік- аумақтық құрылысына қарасты құрамдас бөліктерінің атауларын өзгерту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылы әкімінің 2019 жылғы 13 наурыздағы № 73 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 13 наурызда № 3839 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, Маңғыстау ауылы халқының пікірін ескере отырып және Маңғыстау облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 14 қарашадағы қорытындысының негізінде, Маңғыстау ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. Маңғыстау ауылы әкімінің 2008 жылғы 16 маусымдағы №226 "Маңғыстау ауылының әкімшілік-аумақтық құрылысына қарасты құрамдас бөліктерінің атауларын өзгерту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-7-11 болып тіркелген, 2008 жылғы 18 шілдеде № 28 (31) "Мұнайлы" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына және Маңғыстау ауылы халқының пікірін ескере отырып, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:";

      1, 2, 3, 4 және 5 тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Маңғыстау ауылындағы ескі көпірге баратын жолдың сол жағында орналасқан жалпы ауданы 35 гектар (201 учаскеден тұратын) Ақ Еспе тұрғын үй алабы, Ақ Еспе тұрғын үй массиві деп аталсын.

      2. Маңғыстау ауылындағы ескі көпірге баратын жолдың сол жағында орналасқан жалпы ауданы 35 гектар (207 учаскеден тұратын) Бозжыра тұрғын үй алабы, Бозжыра тұрғын үй массиві деп аталсын.

      3. Маңғыстау ауылы мен Ақтау қаласы аралығындағы тас жолының оң жағында орналасқан жалпы ауданы 84 гектар Айрақты тұрғын үй алабы, Айрақты тұрғын үй массиві деп аталсын.

      4. Маңғыстау ауылы мен Ақтау қаласы аралығындағы тас жолдың сол жағында орналасқан жалпы ауданы 164 гектар Шерқала тұрғын үй алабы, Шерқала тұрғын үй массиві деп аталсын.

      5. Маңғыстау ауылының солтүстік жағында орналасқан жалпы ауданы 250 гектар Бесшоқы тұрғын үй алабы, Бесшоқы тұрғын үй массиві деп аталсын".

      2. "Маңғыстау ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бас маман А.Асганбаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкімнің міндетін атқарушы Б. Қасымов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады