"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-1-тармағының 6-8) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің "Қостанай облысы елді мекендерінің көшелерін күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасын бекіту туралы" 2016 жылғы 23 мамырдағы № 246 қаулысына (2016 жылғы 30 маусымдағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6495 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қостанай облысы елді мекендерінің көшелерін күтiп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделi жөндеу кезiнде орындалатын жұмыстар түрлерiнің сыныптамасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкімдіктің 2019 жылғы 1 ақпандағы № 36 қаулысына қосымша |
|
Әкімдіктің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 246 қаулысымен бекітілген |
Қостанай облысы елді мекендерінің көшелерін күтiп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделi жөндеу кезiнде орындалатын жұмыстар түрлерiнің сыныптамасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қостанай облысы елді мекендерінің көшелерін күтiп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделi жөндеу кезiнде орындалатын жұмыстар түрлерiнің жіктелімі (бұдан әрi – Жіктелім) Қостанай облысы елді мекендерінің көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделi жөндеу кезiнде орындалатын жұмыстар түрлерiн белгiлейдi.
2. Жіктелім жол-жөндеу жұмыстарының көлемдерiн негiздеу және оларды орындау үшiн республикалық және жергiлiктi бюджеттерден бөлiнетiн қаржы қаражаттарын есептеу үшiн қолданылады.
3. Осы Жіктелімде мынадай анықтамалар қолданылады:
1) елді мекендерінің көшелеріне тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегіндегі автомобиль жолдары жатады;
2) елді мекендерінің көшелерін ағымдағы жөндеу – маршруттық тәсілмен орындалатын, бұзылған учаскелерді жөндеу жөніндегі іс-шараларды қоса алғанда, бүкіл жыл бойы жүргізілетін, автомобиль жолдарында авариялық жағдайлар, ақаулар туындауының алдын алу, сондай-ақ автомобиль жолын шұғыл қалпына келтіру және жөндеу тәртібімен орындалатын жұмыстар кешені;
3) елді мекендерінің көшелерін орташа жөндеу – көшелердің бастапқы пайдалану сапаларын және жол құрылыстарын қалпына келтіруге байланысты жұмыстар кешені;
4) елді мекендерінің көшелерін күрделі жөндеу – қолданыстағы техникалық санатын өзгертпей, көшенің көліктік-пайдалану сипаттамаларын қалпына келтіру және (немесе) жақсарту жөніндегі жұмыстар кешені;
5) елді мекендерінің көшелерін күтіп ұстау – елді мекендер шекаралары шегінде автомобиль жолын тиісті техникалық жай-күйде ұстау, оның техникалық жай-күйін бағалау жөніндегі, сондай-ақ жолда жүру қауіпсіздігін ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар кешені;
6) елді мекендерінің көшелерін пайдалануды басқару – бұл үнемдi негiзделген жол-жөндеу жұмыстарының стратегиясын әзiрлеу арқылы оларға диагностикалау мен мониторинг жүргiзудiң негiзiнде көшелер мен жол құрылыстарының қажеттi техникалық деңгейiн және көлiктiк-пайдалану жай-күйiн қамтамасыз ету бойынша ұйымдық және регламенттейтiн кешенi;
7) елді мекендер көшелерінің жай-күйiне мониторинг жүргiзу – бұл пайдалану және қоршаған ортаның ықпал етуi нәтижесiнде мүмкiн болатын антропогендiк өзгерiстердiң жай-күйiн қадағалау мен бақылау, бағалау мен болжамдау жүйесi;
8) елді мекендерінің көшелерін маршрутты жөндеу тәсiлi – бұл көлiк қозғалысы үшiн қауiптi ақаулықтарды жою жергiлiктi учаскелердегi жол жабынының тегiстiгiн қалпына келтiру жұмыстарын қоса алғанда, маршрут бойынша орындалатын жөндеу кешені;
9) жол жамылғысы – бұл автокөлiк құралдарынан түсетiн салмақты қабылдайтын және оны топыраққа беретiн автомобиль жолдарының бөлiнген белдеулерiнiң шегiндегi көп қабатты құрылғы;
10) жол қызметінің объектілері – жол-пайдалану кешендері, пайдалану қызметінің жұмыскерлеріне арналған тұрғын үйлер, автобус аялдамалары, павильондар, демалыс алаңдары, автомобильдердің аз уақытқа аялдауына арналған алаңдар, автомобильдерді техникалық қарауға арналған құрылғылар, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған құрылыстар мен құрылғылар, орман белдеулері, көпірлерге қызмет көрсету және оларды күзету пункттері, технологиялық және авариялық-шақыру байланысының құрылғылары, жүріп өту үшін ақы алудың бағдарламалық-аппараттық кешені;
11) көше (көшенiң көлiк жүретiн бөлiгi) – елдi мекендер шекарасының шегiндегi автомобиль жолы;
12) ресайкілеу – алынған қоспаны тығыздау және жабысқағы бар тас материалды қоспай немесе қоса отырып, қайта өңделген асфальт-бетонды кейіннен жылжыту арқылы ескі жол жабынын фрезірлеу технологиясы;
13) себу бермасы – жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдарын орналастыруға арналған үйінді құламасы немесе ойықша үстіндегі алаңқа.
4. Елді мекендерінің көшелерін пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүргiзуге нақты бөлiнген қаржы ресурстары елді мекендер көшелері мен ондағы құрылыстардың көлiктiк-пайдалану жай-күйiн тексеру және диагностикалау материалдары негiзiнде белгiленіп өткiзiлетiн жөндеу жұмыстарының түрлерiне және жол-жөндеу жұмыстарының әзiрленген стратегиясына қарай бөлiнедi.
5. Елді мекендерінің көшелерін күтiп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделi жөндеулер кезiнде орындалатын сыныпталатын жұмыс түрлерi жол саласында қолданылатын осы жұмыс түрлерiнiң нормативтiк-техникалық құжаттарының талаптарына сәйкес орындалады.
6. Елді мекендерінің көшелерін пайдалануды басқару өзiне мынадай жұмыстарды енгiзедi:
1) жол-жөндеу жұмыстарының стратегиясын негiздеу және қажеттi қаржы ресурстарын жоспарлау;
2) елді мекендерінің көшелерін сақтауды қамтамасыз ету және оларды уақытынан бұрын тозудан алдын ала сақтау;
3) технологияны жетiлдiру және елді мекендерінің көшелерін жөндеу мен күтiп ұстау жұмыстарын ұйымдастыру;
4) елді мекендерінің көшелерін пайдалануды басқару жұмыстарын орындауды ұйымдастыру, үйлестіру, реттеу және бақылау;
5) елді мекендерінің көшелерін ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу жұмыстары шегінде көшелер учаскелерін техникалық сүйемелдеу және мониторингілеу.
7. Елді мекендерінің көшелерін диагностикалау мен мониторинг жүргiзу iс-шараларының құрамына мына жұмыс түрлерi кiредi:
1) елді мекендерінің көшелерін, оларды күтiп ұстау сапасын бағалау арқылы жүйелi түрде (көктемгi, күзгi және айлық) тексеру;
2) елді мекендер көшелері мен ондағы құрылыстардың техниқалық деңгейін және көлiктiк-пайдалану жай-күйiн бағалау арқылы көзбен шолу және аспаптық тексеру, ондағы көшелер мен құрылыстарды паспорттандыру;
3) елді мекендерінің көшелеріндегі көлiк қозғалысының қарқындылығы мен құрамын есепке алу;
4) объектiлердi техникалық сараптау, соның iшiнде жедел шешiмдер қабылдауды талап ететiн төтенше жағдайларда және өзге жағдайларда материалдар мен жұмыстардың сапасын бағалау.
2. Елді мекендерінің көшелерін күтiп ұстау
8. Елді мекендерінің көшелерін күтiп ұстау жұмыстары жыл бойы үздiксiз жүзеге асырылады.
Елді мекендерінің көшелері мен ондағы құрылыстарды күтiп ұстау жұмыстарын уақтылы жүргiзу мақсатында оларды көзбен көрiп тексеру патрульдеу арқылы жүзеге асырылады.
9. Елді мекендерінің көшелерін күтiп ұстау жұмыстарын жүргiзу нәтижесiнде жыл бойы көлiк құралдарының үздiксiз, қауiпсiз және жайлы қозғалысы қамтамасыз етiлуi қажет.
10. Күтiп ұстау жұмыстары жобалық құжаттаманы жасауды талап етпейді. Оларды қолданыстағы заңнамамен бекітілген қаржыландыру нормативіне сәйкес, күтiп ұстауға бөлiнген қаражат шегiнде ақаулар тiзбесi бойынша елді мекендердің көшелерін тексеру нәтижесi негiзiнде жоспарлайды.
11. Елді мекендерінің көшелері мен ондағы құрылыстарды күтiп ұстау жұмыстары көктемгi, жазғы және күзгi кезеңде күтiп ұстау, қысқы күтiп ұстау, елді мекендердің көшелерін көгалдандыру, жолдар мен ондағы құрылыстарды пайдалануды басқару, сондай-ақ өзге жұмыстарға бөлiнедi.
12. Елді мекендерінің көшелерін күтiп ұстау жұмыстарының құрамына операторлардың айтуымен ақпаратты жинау, өңдеу және күн сайын жыл бойы ұсыну кiредi, соның iшiнде:
1) бұқаралық ақпарат құралдарының ақпараттық қамтамасыз етуiн қоса алғанда елді мекендер көшелеріндегі жол жүрулер туралы;
2) болған жол-көліктік оқиғалар (бұдан әрі – ЖКО) туралы;
3) тал және тасқын суларды жiберу кезiндегi жұмыстар туралы;
4) қысқы уақытта қар тазалайтын машиналар мен механизмдердiң жұмысы туралы;
5) ақпараттарды жинау және өңдеу, елді мекендер көшелерінің көлiк-пайдалану жай-күйi туралы деректердiң бiрыңғай ақпараттық банкiне әкiмшiлiк ету және басқару.
13. Елді мекендерінің көшелері мен ондағы құрылыстарды көктемгi, жазғы, күзгi кезеңдерде күтiп ұстау кезiнде, яғни жыл сайын мынадай жұмыстарды орындайды:
1) елді мекендерінің көшелері мен ондағы құрылыстардың жай-күйiне патрульдiк қадағалау;
2) жер жамылғысы мен су өткiзу жүйесi бойынша:
су өткiзгiш жыраларды көктемде қардан, ал жазда қоқыстарды пайдаға асыруға тиеу, шығару және беру арқылы жиналған қоқыс пен балшықтан тазалау;
жиектердегi, иiрiмдi учаскелердегi кептiргiш науаларды қазу және себу;
жиектердi жоспарлау, шөптермен себу;
шабу және шабылған шөптердi жинау;
шабылған материалдарды пайдаға асыруға тиеу, шығару және беру арқылы жер жамылғысының жиектерi мен шеттерiндегi бұталарды қазып алу, ағаштарды, жабайы өсетiн бұталарды тамырымен жұлу;
материалдар қоспастан жиектер мен себу бермдерiн жоспарлау;
жеке учаскелердегi көлiк құралдарының қауiпсiз қозғалысын қамтамасыз ететiн себу арқылы жиектердi және бермдердi себу, кесу және жоспарлау;
иiрiм учаскелердi жою;
жиектердi себу және бекiту;
жеке элементтерiн ауыстырумен және жаңа материалдарды пайдалану арқылы жер төсемi, су қайтарғыш, резервтер, бермдер, қорғаныс, бекiту және реттегiш құрылыстарының жеке бұзылуларын түзету;
көлiк құралдарының қауiпсiз қозғалысын қамтамасыз ететiн материалдарды қосу немесе қоспау арқылы жиектердi және бермаларды кесу және жоспарлау;
үйінділердің шайылған жергілікті жерлерін жою, шайылуларды себу;
жаңа жыраларды қазу;
қурап қалған ағаштарды тамырландыру және шауып алу;
арық жүйесін және жем беру лотоктарын жөндеу немесе ауыстыру;
3) бөлiнген белдеулер бойынша:
су ағысын қамтамасыз ету үшiн бөлу жолағын жоспарлау;
бөлу жолағындағы қоқысты жинау, шығару және пайдаға асыруға беру;
шабылған материалдарды тиеу, шығару және пайдаға асыруға беру арқылы жол қозғалысының қауiпсiздiгiне ықпал ететiн ағаштарды, бұталарды, жабайы өсетiн бұталарды шабу және тамырымен жұлу;
бөлiнген белдеулердi шабу және шабылған шөптердi, қамыстарды және қурайларды жинау, тиеу, шығару және пайдаға асыруға беру;
еріген және тасқын суларды жіберуді қамтамасыз ететін материалдарды қосу арқылы бөлу жолағын жоспарлау;
4) күрделi жамылғысы бар жүру бөлiгi бойынша:
жүру бөлiгiн тазалау және жуу;
ылғалдың, ауаның, күн радиациясының кiруiнен асфальтты-бетонды жабынды тиiмдi оқшаулау үшiн жаңартатын сұйықтықты пайдалану, атмосфералық ықпалдың әсерiнен бұзылған битумды қалпына келтiру, жамылғының суға төзiмдiлiгiн сақтау және қалпына келтiру;
жарықшақтарды құю;
шұңқырларды жою, шарықшақтарды, шұңқырларды, отырыңқы жерлердi бiтеу, жиектердi тегiстеу;
жергiлiктi учаскелердiң төсемдерiндегi иiрiмдердi жою;
төсемдегi шорлар мен қауiптi тегiссiздiктi кесу, тозу қабатын кейiннен кедiр-бұдыр негiздi өңдеу арқылы ойыстарды бiтеу;
жүру бөлiгiн белгiлеу;
цемент–бетон жамылғыларында жарықшақтарды жөндеу және толтыру;
апатты-қауiптi учаскелердi бағдарлы тәсiлмен жөндеу (иiрiмдердi жою, негiз және жабындарды жөндеу, шұңқырды жөндеу, жарықтарды бiтеу, тегiстейтiн қабаттарды қондыру, жол жиектерiн бекiту, жабындарды үстiртiн өңдеу);
ресайклинг әдісімен учаскелерді жөндеу (иірімді жою, негіз және жабындарды ішінара жөндеу, шұңқырды жөндеу);
жол жабынының үстіңгі қабатын өңдеу;
елді мекендерінің көшелерін бағдарлы тәсiлмен жөндеу жүргiзу кезiнде жолдарды күтiп ұстау, сондай-ақ бағдар бойынша анықталған қозғалыс үшiн қауiптi ақаулықтарды жою жұмыстары, жергiлiктi учаскелерде жол төсемiнiң тегiстiлiгiн қалпына келтiрудi қамтитын жөндеу жұмыстары кешенi, оның iшiнде ресайклинг әдiсiмен жүргiзiледi. Жөндеудiң бағдарлы тәсiлi кезiнде жөндеу жұмыстары аралас бағдардың барлық ұзындығында, жергiлiктi учаскелердегi жол төсемiнiң маңызды ақаулықтары мен бұзылулары шоғырланған жерлерде орындалады.
Жұмыстар әрi ақаулықтар тiзбесi негiзiнде қолданыстағы ережелерге сәйкес ресiмделген тиiстi ақаулықтары мен атқару сметаларын жою үшiн қабылданған жұмыстар технологиясы бойынша елді мекендерінің көшелерін күтiп ұстауды жүргiзетiн жол ұйымдастыру күштерiмен орындалады;
5) жетiлдiрiлген жамылғысы бар жүру бөлiгi бойынша:
тұтқыр материалдары көп учаскелердi күтiп ұстау;
жарықшақтарды құю;
шұңқырларды жою, жарықшақтарды, шұңқырларды, отырыңқы жерлердi бiтеу, көше учаскесiнiң жиектерiн тегiстеу;
жүру бөлiгiн белгiлеу;
апатты-қауiптi учаскелердi бағдарлы тәсiлмен жөндеу (иiрiмдердi жою, негiз және жабындарды жөндеу, шұңқырды жөндеу, жарықтарды бiтеу, тегiстейтiн қабаттарды қондыру, жол жиектерiн бекiту, жабындарды үстiртiн өңдеу);
ресайклинг әдісімен учаскелерді жөндеу (иірімді жою, негіз және жабындарды ішінара жөндеу, шұңқырды жөндеу);
жол жабынының үстіңгі қабатын өндеу;
елді мекендерінің көшелеріне бағдарлы тәсiлмен жөндеу жүргiзу кезiнде жолдарды күтiп ұстау, сондай-ақ бағдар бойынша анықталған қозғалыс үшiн қауiптi ақаулықтарды жою жұмыстары, жергiлiктi учаскелерде жол төсемiнiң тегiстiлiгiн қалпына келтiрудi қамтитын жөндеу жұмыстары кешенi, оның iшiнде ресайклинг әдiсiмен жүргiзiледi. Жөндеудiң бағдарлы тәсiлi кезiнде жөндеу жұмыстары аралас бағдардың барлық ұзындығында, жергiлiктi учаскелердегi жол төсемiнiң маңызды ақаулықтары мен бұзылулары шоғырланған жерлерде орындалады.
Жұмыстар әрi ақаулықтар тiзбесi негiзiнде қолданыстағы ережелерге сәйкес ресiмделген тиiстi ақаулықтары мен атқару сметаларын жою үшiн қабылданған жұмыстар технологиясы бойынша елді мекендерінің көшелерін күтiп ұстауды жүргiзетiн жол ұйымдастыру күштерiмен орындалады;
6) өтпелi жамылғысы бар жүру бөлiгi бойынша:
төсемдi балшықтан тазалау;
төсемдi сумен шаңсыздандыру;
материалдар қосу арқылы төсемдi кескiндеу және нығыздау;
төсемдерге тас үгiндiлерi мен илендiлердi үю, катундарды жинау;
шағылтасты және қиыршықтасты төсемдердің қапталдарына материалдарды қосу немесе қоспау арқылы қалпына келтіру;
шағылтасты және қиыршықтасты төсемдердiң қапталдарын қалпына келтiру;
7) топырақты және топырақты жақсартылған төсемi бар жүру бөлiгi бойынша:
материалдарды қосу арқылы пайда болған шұңқырлар, сораптар, басқа тегiссiздiктердi жою үшiн төсемдi кескiндеу;
ірі тегіссіздіктер пайда болғанға дейін жүргізілетін тегістеу-профилактикалық іс-шаралары;
елді мекендердің көшелерін хлорлы кальций, битум және басқа материалдармен шаңсыздандыру;
елді мекендер көшелерінің кепкен учаскелерiн күтiп ұстау, уақытша қоршау, ауа науаларын орналастыру және себу, жол төсемi мен жол жамылғысының үстiнен су өтуiн қамтамасыз ету;
қиыршықтасты жол жамылғысын тұтқыр және басқа материалдармен шаңсыздандыру;
8) елді мекендер көшелерінің жағдайы және абаттандыру, қозғалысты ұйымдастыру, байланыс, жарықтандыру объектiлерi бойынша:
шу жолақтары, шудан қорғау экрандарын салу және жөндеу;
жетiспейтiн белгiлердi, қоршауларды орнату, бұзылуларды қалпына түзету, жол белгiлерi мен қоршаулардың қалқандарын толық ауыстыру, панноларды, жол жиектерiнiң тастарын орнату және жөндеу, жолды жайғастыру элементтерiн қалпына келтiру;
сәулет безендiрулерi мен абаттандыру элементтерiнiң жеке бұзылуларын және ақаулықтарын жөндеу;
автопавильондар, дәретханалар, күркелер, жол белгiлерi, қоршаулар және автомобиль жолдарының басқа жайғастыру элементтерiн жөндеу, сырлау және ақтау, тiк және көлденең белгiлердi түсiру;
күркелер, орындықтарды, дәретханаларды орнату және жөндеу;
қоршауларды, сигнал беру бағандарын, белгiлердi, қалқандарды үнемi тексеру, бекiткiштерiн тарту, қалқандарды түзету, шаң мен балшықтан тазалау, жуу;
автобус аялдамаларын, дәретханаларды, күркелердi кезеңдi тексеру, шаңнан, балшықтан және қоқыстан тазалау, жуу;
қозғалысты ұйымдастыру, байланыс және жарықтандыру құралдарын күтiп ұстау, күту және жарамдылығын қадағалау;
жүру бөлiгiн және жиектердi бөтен, жол қозғалысының қуiпсiздiгiне қауiп төндiретiн заттардан тазалау;
жолдарды, көпiрлердi, жол өткiзгiштердi, үңгi жолдарды, көлiк айрықтарын, паромдық өткелдердi және басқа жол құрылыстарын электрмен жабдықтау желiлерiн тазалықта және ретке келтiрiп ұстау, iстен шыққан шамдарды, шамшырақтарды, сымдарды, кабельдердi, трансформаторларды, жарық тiреулерiн және басқа электрмен жабдықтау элементтерiн ауыстыру және жаңаларын монтаждау, радио байланысын, ақы алу жүйесiн, зияткерлiк көлiк жүйесiн, басқа технологиялық және сигнал беру байланысының басқа құралдарын, кабель желiлерiн, сондай-ақ, бағдаршам объектiлерiн, қозғалысты ұйымдастыру құралдарын, олардың қызмет етуi үшiн байланыс каналдарын жалға алуды қоса алғанда, қозғалысты диспетчерлiк және автоматтандырып басқару құралдарын тазалықта және ретке келтiрiп ұстау;
қозғалысты ұйымдастыру, байланыс және жарықтандыру объектiлерiнiң құралдарын жеке бұзылулардан және ақаулықтардан жөндеу;
жол желiлiк телеграфтық немесе радио байланыс және басқа технологиялық және сигнал-шақыру байланысын қалпына келтiру;
өлшеу құралдарын, жабдықтарды қондыру, жөндеу және күтiп ұстау, автокөлiк құралдарының қозғалысын бақылау және мониторинг үшiн бағдарламалық қамтамасыз ету;
жалпы пайдаланымдағы көшелерді күтiп ұстау және жөндеудi жүзеге асыратын көлiк құралдарының қозғалысын бақылауға арналған навигациялық жүйелердi күтiп ұстау, қондыру және пайдалану;
жүргiншiлер бөлiгiне "мысық көз" жол маркерiн қондыру (қажет болған жағдайда);
тиiстi сертификаттарды, таразы бақылау аркаларының өлшеу құралдарын алумен жыл сайынғы тексерудi жүргiзу;
бақылау посттарын, аркалар мен басқа металл құрылымдары және/немесе темiр-бетон бұйымдарын, ақпараттық (жарық диодты) жол белгiлерi мен өзгеріп тұратын ақпараты бар жеке жобалау табло жабдықтарын орнату және/немесе жөндеу, ауыстыру, оның ішінде оларды жарықтандыру және электрмен жабдықтау, бұл ретте жұмыс көлемдерi сметалық құжаттамамен белгiленедi;
жол қозғалысы қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес жол қоршауларын орнату қолданыстағы елді мекендердің көшелеріне аялдама павильондарын, жол сервис павильондарын, кiшi архитектуралық пiшiндерін, тiкұшақтарға арналған ұшу-қону алаңдарын, демалыс алаңдарын және жол қозғалысы қауiпсiздiгiнiң талаптарын ескере отырып, жүргiзушiлер мен жолаушылардың пайдалануы үшiн жайлылықты қамтамасыз ету мақсатында ауыспалы-жылдамдық жолақтарын салу және қажет болған жағдайда оларды жарықтандыру және электрмен жабдықтау, сонымен бiрге жұмыс көлемдерi техникалық құжаттамамен белгiленедi;
шығу және кіру жолдарын жөндеу;
жол учаскелеріндегі қолданыстағы тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарын, сондай-ақ жол үстіндегі жол өтпелерін жөндеу;
жарық шағылыстыратын элементтерді орнату және ауыстыру, сондай-ақ оларды балшықтан және қардан тазарту;
бүйірлі желбағарды орнату және ауыстыру;
қираған жол учаскелерін қалпына келтіру кезінде уақытша айналма жолдарын салу;
9) жасанды құрылыстар бойынша:
жүру бөлiгiнiң жиектас қоршауларына белгi қою;
тапсырыс берушiнiң нұсқамасы бойынша жол қауiпсiздiгiн негiзге ала отырып, сүйеулер мен тосқауыл қоршауларының бұзылуларын түзету және қондыру;
көпiрлердiң металлды элементтерiнiң сүйеу қоршауларының бояу қабатын (бояма) жергiлiктi қалпына келтiру;
автожолдардың үстiндегi жол өткiзгiштерiнiң маңдай алды арқалықтарының астына тiк белгiлер қою;
автожолдардың үстiндегi жол өткiзгiштерiнiң тiректерiне тiк белгiлер қою;
жинау техникасы өткеннен кейiн жаяу жүргiншiлер жолдарының бойындағы жүру бөлiгiн балшықтан, қардан, қоқыстан және бөтен заттардан тазалау;
қар тазалайтын техника өткеннен кейiн жаяу жүргiншiлер жолдарының бойындағы жүру бөлiгiн қар мен мұздан тазалау;
су қайтаратын түтiктердi балшықтан, тастардан және қардан тазалау;
сорғылардан болған деформациялық жiктерiнiң су қайтаратын науаларын тазалау;
қабаттарды ашық типтi деформациялық жiктерге алмастыруға арналған ойықтарды балшықтан тазалау;
ашық типтi деформациялық жiктердiң күрделi құрылыстарының механизмдерiн тазалау және майлау;
суды жiберуге арналған жаяу жүргiншiлер жолдары шығырларындағы терезелердi тазарту;
көпiрдiң жаяу жүргiншiлер жолы мен жүру бөлiгiнiң арасындағы тосқауыл қоршауларының қисық сызықты бiлеуiнiң астындағы кеңiстiктi балшықтан, қардан және мұздан тазалау;
сүйенiш, тосқауыл қоршауларын, жол белгiлерiн кiр мен қардан тазалау;
арқалықтардың үстiн кiрден, жағылған топырақтан, өсiмдiктерден тазалау;
арқалықтардың тiрек тораптарын жуу;
тiрек бөлiктерiн қардан, кiрден тазалау;
тiрек бөлiктерiнiң жұмыс iстейтiн үстiне графиттi құрылыстарды жағу;
темiр тiрек бөлiктерi бекiткiштерiнiң бұрандамаларын тарту;
тiректердiң бастарын және фермалық алаңдарды қоқыс пен кiрден, қар мен мұздан тазалау;
конустар мен еңiс бекiнiстерiн кiрден, шөптен және талдардан тазалау;
тiректердегi мұзды уату және мұзды кесу;
сең жүру және тасқын суларды өткiзудi ұйымдастыру;
байқау құралдарын (баспалдақтар, арбашалар) тазалау;
көпiр құрылыстарын ағымдағы және кезеңдi тексеру;
қоқыстарды және кесiлген ағаштарды пайдаға асыруға тиеу, шығару және беру арқылы көпiр және су өткізу құбырларды аймақтарынан арақашықтығы елю метрге дейін, ағыны бойынша жоғары және төмен бұталы өсiмдiктердi жою және ағаштарды шабу, көпiр астындағы аймақтарды санитарлық тазалау;
темiр-бетон құбырларының аралықтарын лай мен балшықтан тазалау;
шағын көпiрлер мен құбырлардың аралықтарын күзде жабу және көктемде ашу;
сел жүрудi, тасқын суларды жiберу, жолдар мен құрылыстарды тасқыннан, мұз басудан, орман және дала өрттерiнен қорғау бойынша сақтандыру жұмыстары;
құрылыстардың жеке элементтерiн (тiрек бөлiктерi, сүйенiштер, тосқауыл қоршаулары, төсенiштер, дiңгектер, тiреуiштер, дуал қабырғалары, тік құрылыстардың тақталары, шкафты қабырғалар, ашылу есікшелері құрғату құрылғылары және тағыда басқа) қондыру, ауыстыру және жөндеу;
көпiрлердiң темiр элементтерiн жергiлiктi сырлау;
көпiрлердiң, жол өткiзгiштердiң жүру бөлiгiндегi төсемдi шұңқырлы жөндеу, төсемдегi жарықшақтарды бiтеу;
деформациялық жiктердi ұсақ жөндеу;
деформациялық жiктердi ескi шайырдан алдын ала тазалау арқылы шайыр құю;
деформациялық жiктердiң аймағындағы немесе жiктердiң алдындағы төсемдi алмастыру;
аяқ жолдардың асфальт-бетон төсемдерiндегi жарықшақтар мен еңiстердi бiтеу;
аяқ жолдардың цемент-бетон төсемдерiндегi жарықшақтар мен еңiстердi бiтеу;
үйiндiлердiң шайылған жергiлiктi жерлерiн және реттеу құрылыстарын жою;
үйiндiсi бар көпiрлердiң жанасқан жерлерiндегi шайылуларды себу, осы жерлердегi суды бiр уақытта жою;
тiректердегi шайылу шұңқырларын бiтеу;
құбырлардың гидро оқшаулануын жөндеу және олардың буындары мен бөлiктерi арасындағы жiктердi бiтеу;
көпірлердің, жол өткізгіштердің жүру бөлігіндегі төсемді шұңқырды жөндеу, төсемдегі жарықшақтарды бітеу;
құбырлардың жеке буындарын, бастарын жиектердің қанаттарын, арнаның шығыс және кіріс бекінісін жөндеу және алмастыру және құбырдың науасын түзету, нобайланған тасты қалпына келтіру;
ағаш көпірлердегі төсемдерін, тақтайларды ауыстыру, элементтерді шірігеннен тазалау;
болаттан жасалған элементтері бар ақаулық жіктердің бөлшектерін жекелеп алмастыру;
10) қосымша қысқы күтiп ұстау жұмыстарына жататындар:
көк тайғаққа қарсы материалдарды әзiрлеу, дайындау;
қардан қорғану құралдарын (қалқандар, кiше қоршаулар, шарбақтар және сол сияқтылар) әзiрлеу;
қардан қорғану шарбақтарын, қалқандарды, панельдерiн және басқа да қардан қорғану құрылғыларын орнату, бөлшектеу және жөндеу;
елді мекендерінің көшелерін патрульдiк қардан тазалау, елді мекендердің көшелерін қарлы борасындардан аршу, жолдардың жүру бөлiгiн қарлы жамылғыдан тазалау, жиектерден, еңiстерден және резервтерден қарлы дуалдардан жою;
жол белгiлерi мен тосқауыл қоршауларын қарлы борасындардан тазалау;
жүру бөлiгiн фрикциялық, химиялық және басқа да көк тайғаққа қарсы материалдармен өндеу және оларды кейiннен жүру бөлігінен қажетті уақыттан кейін тазалау;
автобус аялдамаларын, павильондарды, демалыс алаңдарын және жол қызметi объектiлерiн қар мен мұздан жүйелi түрде тазалау;
қар тоқтату үшiн автомобиль жолдарының бойынан қар борасындары мен орларын құру;
тайғақ жамылғысы бар учаскелерде қысқа уақыт әрекет ететiн жол белгiлерiн орнату;
ауыр ауа райы жағдайларында жол-жөндеу қызметi жұмысшыларының қатарынан және жол техникасын тәулiк бойы күзетудi ұйымдастыру.
3. Елді мекендерінің көшелерін ағымдағы жөндеу
14. Елді мекендерінің көшелерін ағымдағы жөндеу – маршруттық тәсiлмен орындалатын, бұзылған учаскелердi жөндеу жөнiндегi iс-шараларды қоса алғанда, бүкiл жыл бойы жүргiзiлетiн, елді мекендердің көшелерінде авариялық жағдайлар, ақаулар туындауының алдын алу, сондай-ақ автомобиль жолын шұғыл қалпына келтiру және тәртiбiмен орындалатын жұмыстар кешенiн қарастырады.
Қаржыландыру нормативтерiне сәйкес елді мекендерінің көшелерін ағымдағы жөндеуге бөлiнген қаржы шегiнде ақаулықтар тiзбесi бойынша жолдарды тексеру нәтижелерi негiзiнде жоспарланады. Жұмыстарды бағдарлы тәсiлмен орындау кезiнде жұмыстарды сметалық есептер негiзiнде орындауға жол берiледi. Мүмкiн болатын үдеудiң және олардың аса маңызды бұзылуларға айналуының алдын алу мақсатында ағымдағы жөндеу шеңберiнде ақаулықтар мен бұзылуларды жою жұмыстарын толығымен орындамауға жол берiлмейдi.
15. Елді мекендерінің көшелері мен оңдағы құрылыстарды ағымдағы жөндеу кезiнде мынадай жұмыстар орындалады:
1) жер төсемi және су қайтарғыш бойынша:
дымқыл және қар борайтын жерлердiң жер төсемiнiң ұзақтығы бойынша учаскелерiн көтеру және кеңейту, кiшкене иiрiм учаскелердi жою;
қолданыстағы су бұрғыш жыраларды тазалау, қоқыс тастайтын жерге қоқыстарды тиеу және шығару, жаңа жыраларды қазу, үйiндiлер мен қуыстар жиектерiнiң бұзылуларын түзету және құламаларын азайту, құрғату, қорғау және бекiту құрылғыларын, су бұрғыш құрылғыларды және көпiрлер мен құбырлардың бұру арналарын түзету;
тұрақты шымды жабынды құру бойынша қажеттi агротехникалық iс-шараларды жүргiзу арқылы жер төсемi мен резервтердiң жиектерiн шөппен себу, опырылған, мүжiлген жерлердi, сең шығарындыларын тазалау;
жиектердi себу, шабу, жоспарлау және бекiту;
тал және тасқын суларды жіберуді қамтамасыз ететін материалдарды қосу арқылы бөлу жолағын жоспарлау;
2) жол жамылғылары бойынша, соның iшiнде монолиттi цемент-бетон төсемдерi бойынша:
сегменттердiң тозған бетiн қалпына келтiру, цемент-бетон төсемдерi тақталарының сынықтары мен омыруларын жөндеу, қалпына келтiруге жатпайтын бұзылған тақталарды алмастыру, цемент-бетон төсемдерiн беттiк бұзылулардан қорғау;
соның iшiнде жиналмалы темiр-бетон төсемдерi бойынша:
темiр-бетон төсемдерiндегi жiктердi жөндеу және толтыру;
жеке тақталарды көтеру және тегiстеу, тақталардың сынықтарын жөндеу, қалпына келтiруге жатпайтын бұзылған тақталарды алмастыру, төсемдердi беттiк бұзылулардан қорғау;
3) жасанды құрылыстар бойынша:
аяқ жолдардың ақаулық жiктердi алмастыру;
үйiндiлерi бар жанасқан шеткi аяқ жолдардың тақталарын алмастыру;
болаттан жасалған элементтерi бар ақаулық жiктердiң бөлшектерiн жекелеп алмастыру;
ақаулық жiктердiң астындағы су бұрғыш науаларды қалпына келтiру;
су бұрғыш түтiктердi жөндеу (түтiктердi өсiру немесе қосымша түтiктердi салу);
жаяу жүргiншiлер жолына гидрооқшаулаудың жанасқан жерлерiндегi төсемнiң жiктерiн салу және оларды шайырмен құю;
су бұрғыш түтiктердегi оқшаулануды жөндеу;
аяқ жолдардың блоктарындағы жеке сынықтар мен жарықшақтарды жою;
аяқ жолдардың тақталарының сынған жерлерiн жою;
оқшау жерлердi салу немесе аяқ жолдарға асфальт-бетон төсеу;
жаңа анкерлерi бар сүйенiштердiң тiректерiндегi бекiткiштердiң тораптарын алмастыру;
көпiрлерде жеңiл жөндеу жұмыстарын орындау (төсемелерiн, арқалық торларын, жеке тораптарын және элементтерiн ауыстыру, жер жамылғысымен жанасқан қалауын түзету және тағы да басқа);
көпiрдiң жүру бөлiгiндегi төсемдi қалпына келтiру немесе алмастыру;
гидрооқшаулауды жөндеу;
жаяу жүргiншiлер жолдарын, сүйенiштердi, жиектастарды жөндеу және алмастыру;
жарықшақтарды беттiк герметизациялау, қуыстарды, сынықтарды бiтеу, көпiрдiң темiр-бетон элементтерiнiң қорғау қабатын қалпына келтiру;
жиектер мен реттеу құрылыстарының шұңқырларын жою;
аса төзiмдi бұрандамалардағы тойтармаларды алмастыру;
қаптау жiктерiн сөгу, жарықшақтарға ерiтiндiлердi егу;
құрылғылардағы жарықшақтарды бiтеу, қалаңдыларды, сылақтарды жөндеу, тойтармаларды жекелеп алмастыру;
орлар арқылы өтпелi және көшпелi көпiрлердi ауыстыру және түзету;
аспалы көпiрлердiң, паромдық өтпелердiң және айлақ құрылғыларын (тығындау, қаптаманы жөндеу, такелажды және соған ұқсастарды түзету);
өтпелi тақталардың жанасу тораптарын герметизациялау;
деформациялық жiктердiң ағуын бұрандамаларды тарту арқылы жою;
сырғанау тақталарының деформациялық жiктерiн дәнекерлеу (олар жұлынып қалған жағдайда), жетiспейтiн серiппелердi орнату;
деформациялық жiктердiң механизмдерi мен құрылғыларын ұсақ жөндеу;
құбырлардың гидро оқшаулануын жөндеу және олардың буындары мен бөлiктерi арасындағы жiктердi бiтеу;
жеке тойтармаларды алмастыру, темiр аралық құрылыстар элементтерiнiң ұсақ ақаулықтарын түзету;
су өткізгіш құбырларды жөндеу;
көпірлер мен су өткізгіш құбырларды жөндеу кезінде, қажет болған жағдайда ұзақтығы бір километрден аспайтын айналма жолын салу;
су өткізгіш құбырларды жөндеу;
көпірлер мен су өткізгіш құбырларды жөндеу кезінде, қажет болған жағдайда ұзақтығы бір километрден аспайтын айналма жолын салу;
4) қозғалыс, байланыс, жарықтандыруды ұйымдастыру объектiлерiне елді мекендерінің көшелерін салу және жайластыру бойынша:
елді мекендерінің көшелерін учаскелерiндегi қолданыстағы тротуарлар мен жаяу жүргiншiлер жолдарын, сондай-ақ жол үстiндегi жол өтпелерiн жөндеу және жаңаларын салу;
шығу және кiру жолдарын;
сигнализацияны, жол қозғалысын ұйымдастыру (бағдаршамдар, жол белгiлерi, ақпараттық (жарықтық диодты), жол белгілері мен өзгеріп тұратын ақпараты бар жеке жобалау табло жабдықтары, оның ішінде оларды жарықтандыру және электрмен жабдықтау, байланыс және жарықтандыру объектiлерiн орнату және/немесе жөндеу, ауыстыру, бұл ретте жұмыс көлемдері сметалық құжаттамамен белгіленеді.
16. Қауiптi ақаулықтарды және елеулi өзгерiстердi және жергiлiктi учаскелердегi жол төсемiнiң бұзылуларын жою кезiнде негiздiң қабаты үшiн алынған материалды кейiннен пайдалану және төсемнiң жаңа қабатын салу арқылы қауiптi ақаулықтар мен бұзылуларды жою мақсатында төсемнiң енi бойынша жергiлiктi жерлердi қайлау.
4. Елді мекендерінің көшелері мен ондағы құрылыстарды орташа жөндеу
17. Елді мекендерінің көшелерін орташа жөндеу елді мекендерінің көшелері мен жол құрылыстарының алғашқы пайдалану сапасын қалпына келтiрумен байланысты жұмыстарды кезеңдi орындауды көздейдi.
18. Орташа жөндеу кезiнде жол жамылғысының тозған қабатын және тегiстiлiгiн кезеңдi қалпына келтiру, сондай-ақ жер төсемiнiң, су бұрғыштардың, жасанды, қорғау, бекiту, реттеу және басқа жол құрылыстарының бұзылуларын түзету жүргiзiледi.
Орташа жөндеу бойынша жұмыстар көлемдерiн ақаулықтар тiзбесiнiң негiзiнде жасалған сметалық есептер анықтайды.
19. Елді мекендерінің көшелері мен жол құрылыстарының орташа жөндеу кезiнде мына жұмыстар орындалады:
1) жер төсемi және су бұрғыш бойынша:
дымқыл және қар борайтын жерлердiң жер төсемiнiң ұзақтығы бойынша учаскелерiн көтеру және кеңейту, кiшкене иiрiм учаскелердi жою;
қолданыстағы су бұрғыш жыраларды тазалау, қоқыс тастайтын жерге қоқыстарды тиеу және шығару, жаңа жыраларды қазу, үйiндiлер мен қуыстар жиектерiнiң бұзылуларын түзету және құламаларын азайту, құрғату, қорғау және бекiту құрылғыларын, су бұрғыш құрылғыларды және көпiрлер мен құбырлардың бұру арналарын түзету;
жиектердi себу, шабу, жоспарлау және бекiту;
2) жол жамылғылары бойынша:
жетiлдiрiлген қоспаларды қолданумен үстiңгi қабатты өңдеу;
жетiлдiрiлген төсемнiң тозған жоғарғы қабатын қалпына келтiру және қолданыстағы жол жамылғысын бөлшектеу және қажеттi жағдайда қабатты тегiстейтiн және үстiңгi қабатқа немесе жөнделетiн учаскенiң барлық ұзындығына тозу қабатына өңдеу жүргiзу арқылы жеке және иiрiмдi учаскелерде жол жамылғысын салу;
асфальт-бетон қоспасының қажеттi мөлшерiн қосу арқылы шорлары, сораптары, жоталары және басқа да өзгерiстерi мен ақаулары бар жетiлдiрiлген төсемдi қалпына келтiру;
жаңа материалдардың қажеттi мөлшерiн қосу арқылы және жол жабындарының негiзiн салу үшiн алынған материалдарды, оның үстiне асфальтты-бетон қабатын немесе тозу қабатын төсеу арқылы шорлары, сораптары, жоталары және басқа да өзгерiстерi мен ақаулары бар жетiлдiрiлген төсемдi қайлау және қалпына келтiру;
жаңа материалдарды және жұмыс өндiрiсiнiң технологияларын қолдану арқылы сыналған учаскелердi салу және оларға мониторинг жүргiзу;
монолиттi цемент-бетонды төсем бойынша:
цемент-бетон төсемдерiн қалпына келтiруге жатпайтын тозған тақталарын алмастыру, цемент-бетон төсемдерiндегi бойлық және көлденең жыртылған жерлердi ою;
жиналмалы темiр-бетон төсемдерi бойынша:
тозған тақталарды алмастыру, темiр-бетон төсемдерiнiң жеке тақталарын көтеру немесе тегiстеу;
қорғау қабатын салу, үлкен ұзақтықтағы темiр-бетон тақталарының және цемент-бетон төсемдерiнiң жапсарларын жөндеу, жеке учаскелерде асфальт-бетон қабатын салу;
3) топырақты төсемдерi бойынша:
шағылтасты және қиыршықтасты төсемдердiң қапталдарын, сондай-ақ материалдар қолдану арқылы топырақты жолдарды қалпына келтiру;
қиыршықтасты және топырақты жолдардың жүру бөлiгiн тұтқыр және шаңсыздандыратын материалдар мен жақсарту;
вираждарды салу және қозғалыс үшін қауіпті қисық көрінулерді қамтамасыз ету;
жөнделетiн учаскелердiң жүру бөлiгiн белгiлеу;
цемент бетонды жабынның құрылғысы немесе асфальтбетонды жабынның ұзындығы бес жүз метрден аспайтын негізгі құрылғысы бар цемент бетонды жабынға ауыстыру;
жолдың техникалық санатын өзгертпей, ұзақтығы он бес километрден аспайтын ұсақтасты және қиыршықтасты жабынды асфальт-бетонды жабынға ауыстыру;
4) жасанды құрылыстар бойынша:
ақаулық жiктердiң астындағы су бұрғыш науаларды қалпына келтiру;
су бұрғыш түтiктердi жөндеу (түтiктердi өсiру немесе қосымша түтiктердi салу);
жаяу жүргiншiлер жолына гидрооқшаулаудың жанасқан жерлерiндегi төсемнiң жiктерiн салу және оларды шайырмен құю;
су бұрғыш түтiктердегi оқшаулануды жөндеу;
он сантиметрден асатын отыру кезiнде үйiндiлерi бар көпiрмен жанасқан тораптарды жөндеу (шағылтасты себу арқылы қосымша төсемнiң есебiнен тегiстеу);
үйiндiлерi бар жанасқан шеткi аяқ жолдардың тақталарын алмастыру;
жол жамылғысын қалпына келтiру арқылы ауыспалы тақталардың жеке ығысуын жою;
тақталарды ашу арқылы оларды жуу кезiнде ауыспалы тақталардың астына топырақ себу;
болаттан жасалған элементтерi бар ақаулық жiктердiң бөлшектерiн жекелеп алмастыру;
жұмыстар жол жамылғысы деңгейiнде орындалған кезде шайырлы және резеңке толтыратындары бар жабық типтi ақаулық жiктердi алмастыру;
аяқ жолдардың ақаулық жiктердi алмастыру;
аяқ жолдардың төсемдерiн тегiстеу, жаңа төсемдi салу;
аяқ жолдардың блоктарындағы жалпақ саңылаулардың шұңқырларын бiтеу, аяқ жолдардың алдын қорғау төсемiмен өңдеу;
аяқ жолдардың блоктарындағы жеке сынықтар мен жарықшақтарды жою;
аяқ жолдардың блоктарындағы жапсарларды басу және оқшаулау;
аяқ жолдарды қалпына келтiру, жеке бұзылған блоктарды күшейту немесе алмастыру;
аяқ жолдардың тақталарының сынған жерлерiн жою;
оқшау жерлердi салу немесе аяқ жолдарға асфальт-бетон төсеу;
жеке секцияларды жөндеу, сүйенiштердiң жеке тiректерiнiң анкерлерiн күшейту;
барлық ұзындығында немесе көпiр құрылысы ұзындығының бөлiгiнде сүйенiштердi алмастыру;
барлық ұзындығында сүйенiштердi сырлау;
жаңа анкерлерi бар сүйенiштердiң тiректерiндегi бекiткiштердiң тораптарын алмастыру;
бетон құрылымының барлық үстiңгi бетiн (тақталар, қабырғалар, аралықтар және басқа элементтер) гидрофобизациялау немесе сырлау;
диафрагманың жапсарларын жөндеу;
көпiрлер мен жол өткiзгiштердi жартылай қайта жасау немесе жөндеу, сондай-ақ техникалық құжаттамамен бекiтiлген жөнделетiн жол үшiн белгiленген техникалық санатқа сәйкес келетiн нормаларға габариттерi мен есептiк салмақтарын жеткiзу арқылы су өткiзгiш құбырларды толық немесе жартылай қайта құру;
көпiрлерде жеңiл жөндеу жұмыстарын орындау (төсемелерiн, арқалық торларын, жеке тораптарын және элементтерiн ауыстыру, жер жамылғысымен жанасқан қалауын түзету және тағы да басқа);
алдын ала кернеулi темiр-бетон және темiр аралық құрылыстардың құрылыс көтермесiн бақылау;
көпiрдiң жүру бөлiгiндегi төсемдi қалпына келтiру немесе алмастыру;
жаяу жүргiншiлер жолдарының блоктарындағы жiктердi басу, жаяу жүргiншiлер жолдарында төсемдер салу;
қоршауларды жөндеу немесе қайта жаңарту;
материалдар мен құрылымдарды алмастыру арқылы ақаулық жiктердi жөндеу;
гидрооқшаулауды жөндеу;
жаяу жүргiншiлер жолдарын, сүйенiштердi, жиектастарды жөндеу және алмастыру;
көпiрдiң жүру бөлiгiндегi судың бұрылуын жақсарту, су бұрғыш түтiктер мен терезелердi алмастыру;
темiр-бетон құрылымдарының алдыңғы бетiн гидрооқшаулауды, басты арқалықтардың бетiн сырлау;
жарықшақтарды беттiк герметизациялау, қуыстарды, сынықтарды бiтеу, көпiрдiң темiр-бетон элементтерiнiң қорғау қабатын қалпына келтiру;
темiр аралық құрылыстарды тегiс сырлау;
арқалықтардың бiр-бiрiмен байланысуын қалпына келтiру;
құрғатқыш пен су бұрғышты, өтпелi тақталарды алмастыру арқылы көпiрдiң үйiндiмен жанасқан жерiн жөндеу;
жер төсемi және реттеу құрылыстары жиектерiнiң бекiткiштерiн жөндеу;
жиектер мен реттеу құрылыстарының шұңқырларын жою;
темiр аралық құрылыстардың жеке элементтерiн күшейту, алмаспайтын фермалары бар көпiрлерде торлардың элементтерiн түзету;
аса төзiмдi бұрандамалардағы тойтармаларды алмастыру;
тiрек бөлiктерiнiң жобалық қалпын жөндеу және қалпына келтiру;
тiреу алаңдарындағы ағындыларды жөндеу және қалпына келтiру;
қаптау жiктерiн сөгу, жарықшақтарға ерiтiндiлердi егу;
аралық құрылыстар мен тiректердiң көру құрылғыларын жөндеу және қалпына келтiру;
темiр-бетон аралық құрылыстардың шығып тұрған жерлерiндегi тiрек бөлiктерiн күшейту;
құбырлардың жеке буындары мен бастарын алмастыру немесе жөндеу, оқшаулануы мен жапсарларын түзету;
сүйеу қабырғаларын, бекiту және реттеу құрылыстарын жөндеу, галереялар мен бастырмаларды, сондай-ақ, олардың жеке элементтерiн алмастыру;
көпірлер мен су өткізгіш құбырларды жөндеу кезінде, қажет болған жағдайда ұзындығы бір километрден аспайтын айналма жолдың құрылғысын орындау;
5) қозғалысты ұйымдастыру, байланыс, жарықтандыру объектiлерiне елді мекендердің көшелерін салу мен жайластыру бойынша:
елді мекендер арқылы өтетін жол учаскелеріндегі қолданыстағы тротуарлар, жаяу жүргіншілер жолдарын және арық жүйесін жөндеу және жаңасын салу;
жаңа жеке қоршауларды салу, жөнделетiн учаскелерде жаңа жол белгiлерiн және сiлтеме құрылыстарын орнату және ауыстыру (қалпына келтiру), жеке айрықтарды, демалыс алаңдарын, автокөлiк тұрақтарын, көрнектi орындарды сәулеттiк безендiру және абаттандыруды қоса алғанда, қоршауларды жөндеу;
шығу және кiру жолдарын жөндеу;
сигнализацияны, жол қозғалысын ұйымдастыру (бағдаршамдар, электронды және жол белгiлерi, ақпараттық таблолар), байланыс және жарықтандыру объектiлерiн жөндеу және салу;
жол ақпараттық жүйелерiн және кешендерiн, жеке жобалау белгiлерi мен таблоларын, жол қозғалысын диспетчерлiк және автоматтық басқару элементтерi мен жүйелерiн; ауыспалы ақпараты бар автономды және дистанциялық басқару белгiлерi мен таблоларын, бағдаршам объектiлерiн қалпына келтiру;
6) жолдың пайдалану жай-күйiн және көлiк құралдары қозғалысының қауiпсiздiгiн қалпына келтiрудi қамтамасыз ететiн жұмыстардың басқа түрлерi.
5. Елді мекендерінің көшелері мен ондағы құрылыстарды күрделi жөндеу
20. Елді мекендерінің көшелерін күрделi жөндеу жолдың және жол және ондағы құрылыстардың көлiктiк-пайдалану жай-күйiн арттыруға байланысты, атап айтқанда, қолданыстағы жолдың техникалық санатын өзгертусiз жол жамылғысы мен жол құрылыстарының мықтылығының ұлғаюымен кезеңдiк жұмыстардың орындауын көздейдi.
21. Күрделi жөндеуге жататын елді мекендер көшелерінің учаскелерi қызметтiң жөндеу аралық мерзiмiнiң негiзiнде және көшелер диагностикасының нәтижесiнде белгiленедi.
22. Елді мекендерінің көшелерін күрделi жөндеу заңнамамен көзделген тәртіпте мемлекеттiк сараптамадан өткен жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына сәйкес күрделі жөндеуге жолданылатын автомобиль жолдары құрамына жататын барлық объектілер кешенінде орындалады.
23. Күрделi жөндеу кезiнде жекелеген жолдарды қалай жоспарда болса, солай қапталды бойында жөнделiп жатқан елді мекендер көшелерінің учаскесi жалпы ұзындығының ұзақтығы жиырма бес процентке дейiн жалпы жолдарды түзетуге рұқсат берiледi.
24. Жол-пайдалану қызметiнiң көпiрлерi мен жол өтпелерiн, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстар кешенiн қызметтiң жөндеу аралық мерзiмiнiң және олардың диагностикалау нәтижелерi негiзiнде күрделi жөндеуге бағытталуына болады.
Күрделi жөндеу кезiнде мынадай жұмыстар орындалады:
1) жер төсемi және субұрғыш бойынша:
жер төсемiн жөнделетiн жол (кеңейту, көтеру, топырақты ауыстыру, көрiнудi қамтамасыз ету, дөңгелету радиусын ұлғайту, бойлық еңiстерiн жұмсарту, тiк иiндерiн және жалтарыстарын құру) үшiн белгiленген техникалық санатқа сәйкес нормаларға дейiнгi оның геометриялық параметрлерiне жеткiзумен түзету, жекелеген елді мекендер көшелерінің учаскелерiн жiктеу;
жер төсемiнiң нығаюын қамтамасыз ететiн шоқталған, шөккiнделген және опырылған учаскелердi жою, кәрiздердi, оңашаланған қабатшаларын жабдықтау және басқа жұмыстар;
қолданыстағыны қалпына келтiру және қайта құру, сондай-ақ субұрғыш жабдықтарға қажеттi жаңа құрылыстар, жаңалық қорғау және эрозияға қарсы құрылыстар;
су тасқыны, сел, нөсерлiк және басқа табиғат апаттарын жою;
жасыл екпелерді қалпына келтіру;
2) жол жамылғысы бойынша:
Ұзақтығы бес километрден аспайтын жол жамылғысын нығайту (қалыңдату), кеңейту және регенирациялық және қолданыстағы жол жамылғыларын негiзi ретiнде қолдану арқылы ең жетiлдiрiлген жол жамылғысы түрлерiн жабдықтау, сондай-ақ қайта құрылып жатқан (жiктелетiн) жол учаскелерінде және тұрғылықты пункттерiн айналма және оларға кiреберiсте жаңадан жол жамылғысын құру, көлiктiк айырығы, инженерлiк құрылғыда, тротуарда, өту және велосипед жолында, автобус аялдамасында және аялдау қалташаларында, демалу алаңында және автокөлiк тұрағында, сондай-ақ олардың өту-жылдамдық жолағында жол жамылғысын жабдықтау;
цемент-бетон жамылғысы бойынша:
ескi цемент-бетон жамылғысының үстiне, оның тұтастығын бұзбастан асфальт-бетон қоспасын нығайту қабатын құру;
ескi цемент-бетон жамылғысын алдын-ала ұсақтаумен және осындай түрде алынған негiз болатын материалды ұқыптылықпен тығыздаумен ескi цемент-бетон жамылғысының үстiне, оның тұтастығын бұзбастан асфальт-бетон қоспасын нығайту қабатын құру;
нығайту қоспасын цемент-бетоннан, армобетоннан, фибробетоннан, түрлендiрiлген цемент-бетоннан жабдықтау;
шағылтас пен қиыршық тас жамылғысын, сондай-ақ топырақ жолды жаңа материалдарды қосу арқылы түзету, байланыстыратын материалдармен өту бөлiгiн жақсарту;
жасанды және табиғи материалдардан жасалған тозған бордюрлердi, жетiлдiрiлген жамылғысымен жиектерге бекiтiлетiн жолақтар, соның iшiнде негiзгi жол жамылғысының түрi бойынша ауыстыру және жаңасын жабдықтау;
жол жамылғыларының, жаңа материалдар мен жұмыс өндiрiсi технологияларының жаңа құрылымын қолдану арқылы сыналған учаскелердi салу және оларға мониторинг жүргiзу;
3) жасанды құрылыс бойынша:
көпiрлердi, көлік айрықтарын кеңейту мен нығайту арқылы толығымен немесе ішінара, оның iшiнде олардың габариттерiн реттеумен және есептiк жүктеменiң қабiлеттiгiне салмақ түсетiн жаяу жүретiн, су өтетiн, салу, қайта салу (жаңа аралықты қоспастан габариттерiн кеңейту арқылы көпiрдi жөндеу; габаритiн кеңейтумен және ригелдi ұлғайтумен, нығайтумен, жаңа аралықты қосумен бiр жағынан немесе екi жағынан тiреуiштi кеңейту);
металл көпiрiнiң басты аралығы мен фермi элементтерiн дұрыстау және нығайту;
металл аралық құрылымын ауыстыру;
көпiрдiң өтетiн бөлiгiн ауыстыру;
су өткiзу құбырын салу және қайта салу;
құбырлардың буыны мен ауызғы бетiн ауыстыру және нығайту;
зақымдалған құбырлар сақинасын ауыстыру;
жаңа сақина мен ауызғы бетi есебiнен құбырдың ұзындығын өсiру;
тiреуiш қабырғаларды, қорғаушы нығайтылатын және реттелетiн құрылысты құру және қалпына келтiру;
қайта салынған және жаңадан салынған көпiрлердi салу;
4) пайдалану қызметiнiң ғимараттары, қосалқы құрылыстары мен өндiрiстiк базалары бойынша:
қолданыстағы ғимаратқа қосалқы-көмектесетiн және санитарлық-тұрмыстық үй-жайларды қоса салу, сыртқы қабырғалардың шегiнде ғимаратты iшкi жаңадан жоспарлау;
ғимараттың ақаулықтары мен зақымдалуын қырық процентқе дейiнгi қабырға мен жамылғы материалдарын ауыстырумен түзету, ағаш фундаменттердi тұрақтыға ауыстыру;
орталық жылуды, сумен жабдықтауды, газдарды, канализацияны электрмен жарықтандыруды жабдықтау және қолданып жүрген желiге газ құбыры мен байланыс желiсiн қосу;
есiк алдындағы құрылыстарды (үш машинаға дейiнгi гараждарды, құдық қоймаларын, қазылған ұра және басқалары), аулалық дуал мен үй жанындағы абаттандыруды ғимараттың құнынан жиырма бес проценттен аспайтын бағасымен жабдықтау;
жол-пайдалану қызметiнiң желiдегi жұмыскерлерiн орналастыру үшiн одан әрi осындай үйлердi пайдалану мақсатында жолды күрделi жөндеу жөнiндегi жұмыстарды жүзеге асыратын орындарда уақытшаның орнына тұрақты түрдегi тұрғын үйлердi, уақытша ғимараттар мен құрылыстарды көзделген сметалық соманың шегiнде елді мекендердің көшелерін жөндеу бойынша жұмыстар үшiн қажеттi уақытша ғимараттар мен қосалқы құрылыстар (битумды, тас үгiтушi, асфальт-бетонды, цемент-бетонды базалар) салу. Пайдалану қызметiнiң ғимараттар, қосалқы құрылыстар және өндiрiс базалары бойынша осы мақсаттарға арналған жыл сайынғы шығындар ағымдағы жылғы елді мекендердің көшелерді күрделi жөндеуге бөлiнген жалпы қаражаттың он проценттен аспауы керек;
жөндеу жұмыстарын жүргiзу үшiн топырақ қорын, жергiлiктi тас материалдарының кен орындарын және өндiрiстiк кәсiпорындарының шығарындыларын (әкетiлетiн күл, бокситтiк шламдар және басқалары) игеру, оларға кiру жолдарын, энергиямен қамтамасыз етудi, материалдарды қоймалау үшiн алаңдарды жабдықтау;
5) жолдың қозғалысын, байланысын және жарықтандыруды ұйымдастыру объектiлерi бойынша жолды жайластыру мен орналастыру;
елді мекендерінің көшелерін немесе олардың жекелеген учаскелерiн архитектуралық ресiмдеу және орналастыру;
аялдамалық, түсу алаңын жабдықтау;
демалу алаңын (күркемен, су көздерiн, қарау шұңқырларын немесе жолдағы және басқаша орналастырылған автомобильдi профилактикалық байқау үшiн эстакадамен), аялдама немесе автомобиль тұрағына арналған алаңды, аялдау қапталдарын оларға өту-жылдамдық жолағын жабдықтаумен (соның iшiнде әр түрлi деңгейлерде), сондай-ақ тұрғылықты пункттер шегiнде өтетiн қауiпсiздiк аралында, тротуарда, жол учаскелерiндегi өту жолдарында жабдықтау;
күрделi жөндеу өтiп жатқан учаскелерде тосқауыл шарбағын, бағыттайтын құрылғы мен жол белгiлерiн жаңадан жабдықтау немесе ауыстыру;
елді мекендерінің көшелерін бiр және әр түрлi деңгейдегi қолданып жүрген кесiп өту мен жанастыруды, сондай-ақ барлық жолдағы немесе оның учаскелерiндегi жекелеген өтпесiн, съез бен миражды, линиялық жол қызметi ғимараттарына және жолдың қызмет көрсету кешенiне кiреберiсте жаңадан жабдықтау және қайта жабдықтау;
қолданып жүрген жазғы трактор жолын, жөндеу кезеңiндегi уақытша айналма жол құрылысын жаңадан жабдықтау және қайта жабдықтау немесе табиғат апатынан қираған елді мекендер көшелерінің учаскелерiн қалпына келтiру;
желiлiк (телетайптық) жол құрылысының жекелеген елді мекендерінің көшелер учаскелерiнде, көпiрлерiнде және өткiзу паромдарында электрмен жарықтандыру немесе радиобайланыс пен технологиялық байланыстың басқа құралдарын жабдықтау;
жолдар жұмыстарын оның жекелеген элементтерiн, құрылыстарын және оның үстiнен өтетiн көлiк ағынын зерттеу үшiн қажеттi қар өлшейтiн және су өлшейтiн посттарының және басқа құрылымының қозғалысын есептеу жөнiндегi пункттердi құру және жабдықтау;
өткiзу қабiлетiн ұлғайту мақсатында жалпы пайдаланымдағы елді мекендердің көшелерінде жолақтарды кеңейтудi қоса өткiзу пунктiн жабдықтау және орналастыру;
қоршаған ортаны қорғау (қазандықта тозаң түту құрылғысын орнату, су көздерiн ластанудан қорғау және басқа жұмыстар) бойынша шараларды жүргiзу;
қажеттi коммуникациялық жүйелерге қосылу арқылы көлiк құралдарының қозғалысын бақылау және мониторингiлеу үшiн өлшеу құралдарын, жабдықтарды қондыру;
күзетудi қажет ететiн стратегиялық маңызды объектiлерде күзет және видео бақылау жүйесiн орнату.