Қостанай облысының облыстық бюджеті және аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері арасындағы 2020-2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы

Мерзімі біткен

Қостанай облысы мәслихатының 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 455 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 24 желтоқсанда № 8835 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Ескерту. 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі және 31.12.2022 дейін қолданыста болады - осы шешімнің 6-тармағымен.

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 45-бабы 4-тармағына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Облыстық маңызы бар қалалар бюджеттерінен облыстық бюджетке бюджеттік алып қоюлар көлемдері:

      1) облыстық маңызы бар қалалар бюджеттерінен облыстық бюджетке 2020 жылға арналған бюджеттік алып қоюлар 25 995 223,0 мың теңге, оның ішінде:

      Қостанай қаласынан – 16 399 899,0 мың теңге;

      Рудный қаласынан – 9 595 324,0 мың теңге;

      2) облыстық маңызы бар қалалар бюджеттерінен облыстық бюджетке 2021 жылға арналған бюджеттік алып қоюлар 30 253 723,0 мың теңге, оның ішінде:

      Қостанай қаласынан – 18 819 750,0 мың теңге;

      Рудный қаласынан – 11 433 973,0 мың теңге;

      3) облыстық маңызы бар қалалар бюджеттерінен облыстық бюджетке 2022 жылға арналған бюджеттік алып қоюлар 34 058 523,0 мың теңге, оның ішінде:

      Қостанай қаласынан – 20 922 381,0 мың теңге;

      Рудный қаласынан – 13 136 142,0 мың теңге сомасында белгіленсін.

      2. Облыстық бюджеттен аудандар және облыстық маңызы бар қалалар бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенциялар көлемдері:

      1) облыстық бюджеттен аудандар және облыстық маңызы бар қалалар бюджеттеріне берілетін 2020 жылға арналған бюджеттік субвенциялар 36 697 545,0 мың теңге, оның ішінде:

      Алтынсарин – 1 537 426,0 мың теңге;

      Амангелді – 2 255 915,0 мың теңге;

      Әулиекөл – 3 671 629,0 мың теңге;

      Бейімбет Майлин – 1 331 823,0 мың теңге;

      Денисов – 1 930 192,0 мың теңге;

      Жангелдин – 2 318 562,0 мың теңге;

      Жітіқара – 1 461 008,0 мың теңге;

      Қамысты – 1 555 178,0 мың теңге;

      Қарабалық – 2 125 652,0 мың теңге;

      Қарасу – 2 139 428,0 мың теңге;

      Қостанай – 2 512 100,0 мың теңге;

      Меңдіқара – 2 248 846,0 мың теңге;

      Науырзым – 1 631 277,0 мың теңге;

      Сарыкөл – 2 060 975,0 мың теңге;

      Ұзынкөл – 1 990 505,0 мың теңге;

      Федоров – 2 051 868,0 мың теңге;

      Арқалық қаласына – 2 927 676,0 мың теңге;

      Лисаков қаласына – 947 485,0 мың теңге;

      2) облыстық бюджеттен аудандар және облыстық маңызы бар қалалар бюджеттеріне берілетін 2021 жылға арналған бюджеттік субвенциялар 34 298 212,0 мың теңге, оның ішінде:

      Алтынсарин – 1 491 873,0 мың теңге;

      Амангелді – 2 251 448 мың теңге;

      Әулиекөл – 3 512 670,0 мың теңге;

      Бейімбет Майлин – 1 072 700,0 мың теңге;

      Денисов – 1 852 878,0 мың теңге;

      Жангелдин – 2 310 888,0 мың теңге;

      Жітіқара – 1 235 798,0 мың теңге;

      Қамысты – 1 493 765,0 мың теңге;

      Қарабалық – 2 004 895,0 мың теңге;

      Қарасу – 2 014 017,0 мың теңге;

      Қостанай – 1 866 258,0 мың теңге;

      Меңдіқара – 2 143 183,0 мың теңге;

      Науырзым – 1 624 338,0 мың теңге;

      Сарыкөл – 1 971 865,0 мың теңге;

      Ұзынкөл –1 948 879,0 мың теңге;

      Федоров – 1 962 079,0 мың теңге;

      Арқалық қаласына – 2 788 449,0 мың теңге;

      Лисаков қаласына – 752 229,0 мың теңге;

      3) облыстық бюджеттен аудандар және облыстық маңызы бар қалалар бюджеттеріне берілетін 2022 жылға арналған бюджеттік субвенциялар 33 100 441,0 мың теңге, оның ішінде:

      Алтынсарин – 1 470 541,0 мың теңге;

      Амангелді – 2 263 888,0 мың теңге;

      Әулиекөл – 3 460 878,0 мың теңге;

      Бейімбет Майлин – 884 431,0 мың теңге;

      Денисов – 1 807 135,0 мың теңге;

      Жангелдин – 2 328 859,0 мың теңге;

      Жітіқара – 1 069 661,0 мың теңге;

      Қамысты – 1 451 266,0 мың теңге;

      Қарабалық – 1 958 632,0 мың теңге;

      Қарасу – 1 939 072,0 мың теңге;

      Қостанай – 1 575 494,0 мың теңге;

      Меңдіқара – 2 125 695,0 мың теңге;

      Науырзым – 1 630 570,0 мың теңге;

      Сарыкөл – 1 952 685,0 мың теңге;

      Ұзынкөл – 1 939 313,0 мың теңге;

      Федоров – 1 916 953,0 мың теңге;

      Арқалық қаласына – 2 702 066,0 мың теңге;

      Лисаков қаласына – 623 302,0 мың теңге сомасында белгіленсін.

      3. Облыстық бюджетте авариялық жағдайдағы және (немесе) үш ауысымды мектептерді жою үшін пайдалану мерзімі 30 және одан көп жыл орта білім беру объектілерін күрделі жөндеуге басым тәртіппен орта білім беру объектілерін салуға, реконструкциялауға және сейсмикалық күшейтуге бағытталған бюджет қаражатының ең төменгі көлемі ескерілсін, оның ішінде:

      2020 жылға – 1 869 901,0 мың теңге;

      2021 жылға – 1 791 805,0 мың теңге;

      2022 жылға – 1 882 613,0 мың теңге.

      4. Облыстық бюджетте республикалық бюджеттен қаржыландырылатын амбулаториялық-емханалық көмек, сондай-ақ аудандық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде стационарлық көмек көрсететін ұйымдар үшін күрделі шығыстарды жүзеге асыруға бағытталған бюджет қаражатының ең төменгі көлемі ескерілсін, оның ішінде:

      2020 жылға – 1 415 594,0 мың теңге;

      2021 жылға – 2 140 503,0 мың теңге;

      2022 жылға – 2 886 222,0 мың теңге.

      5. Облыстық бюджетте агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға бағытталған бюджет қаражатының ең төменгі көлемі ескерілсін, оның ішінде:

      2020 жылға – 16 200 000,0 мың теңге;

      2021 жылға – 16 524 000,0 мың теңге;

      2022 жылға – 16 854 480,0 мың теңге.

      6. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болады.

      Қостанай облыстық мәслихаты сессиясының төрағасы О. Даниленко
      Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы С. Ещанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады