Әкімнің 2018 жылғы 28 мамырдағы № 7 "Рудный қаласында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы"

Күшін жойған

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімінің 2019 жылғы 14 наурыздағы № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 15 наурызда № 8303 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімінің 2021 жылғы 11 маусымдағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімінің 11.06.2021 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабына сәйкес, Рудный қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен келісу бойынша Рудный қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Рудный қаласы әкімінің "Рудный қаласында сайлау учаскелерін құру туралы" 2018 жылғы 28 мамырдағы № 7 шешіміне (2018 жылғы 3 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7894 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:

      № 174, 850 сайлау учаскелері алынып тасталсын;

      № 176, 177 сайлау учаскелері жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 176 сайлау учаскесі

      Рудный қаласының шекараларында: Парк көшесі, № 51 үй, Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қостанай облыстық туберкулезге қарсы диспансері" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны, Рудный бөлімшесі.

      № 177 сайлау учаскесі

      Қашар кентінің шекараларында: 1-шағын аудан, 44 кұрылыс, Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қашар қалалық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.".

      2. "Рудный қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Рудный қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады