"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Арқалық қалалық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 25 шілдедегі № 01-20/819 ұсынысы негізінде Арқалық қаласы Жаңақала ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облысы Арқалық қаласы Жаңақала ауылында және оның аумағындағы "Марал", "Бауыржан-А", "Тоқа", "Жарас", "Кәкен", "Молдағұл", "Нұргелді", "Қоныс" шаруа қожалықтарында ірі қара малдың бруцеллез ауруы бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Жаңақала ауылы әкімінің "Арқалық қаласы Жаңақала ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2019 жылғы 6 ақпандағы № 1 шешімінің (2019 жылғы 19 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8255 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. "Арқалық қаласы Жаңақала ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл әкімі | Т. Байгукин |