"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Арқалық қалалық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторының 2019 жылғы 23 шілдедегі № 01-20/808 ұсынысы негізінде Арқалық қаласы Жаңақала ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облысы Арқалық қаласы Жаңақала ауылының аумағында орналасқан "Тоққожа", "Талгатбек", "КРК" шаруа қожалықтарында ірі қара малдың бруцеллез ауруы бойынша шектеу іс - шаралары тоқтатылсын.
2. Жаңақала ауылы әкімінің "Арқалық қаласы Жаңақала ауылы аумағында орналасқан "Тоққожа", "Талгатбек", "КРК" шаруа қожалықтарына шектеу іс - шараларын белгілеу туралы" 2019 жылғы 6 ақпандағы № 2 шешімінің (2019 жылғы 19 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8256 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. "Арқалық қаласы Жаңақала ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл әкімі | Т. Байгукин |