"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6–бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына, 62-бабының 6-тармағына сәйкес Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2019 жылға арналған Әулиекөл ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Әулиекөл ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкімдіктің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 138 қаулысына қосымша |
2019 жылға арналған Әулиекөл ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
№ р/с | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының әкімшілік аумақтық орналасуы | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының атауы | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ата-ананың бір айдағы төлемақы мөлшері (теңге) | |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны | Бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың бір айдағы орташа құны (теңге) | ||||
1 | Әулиекөл ауданы Әулиекөл ауылы | "Әулиекөл ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Айгөлек" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 165 | 32092 |
үш жасқа дейін 6500 |
2 | Әулиекөл ауданы Әулиекөл ауылы | "Әулиекөл ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Ақбота" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 170 | 30579 |
үш жасқа дейін 6500 |
3 | Әулиекөл ауданы Аманқарағай ауылы | "Аманқарағай ауылдық округінің әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Бөбек" Аманқарағай бөбекжай -бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 95 | 34965 |
үш жасқа дейін 6500 |
4 | Әулиекөл ауданы Құсмұрын кенті | "Құсмұрын кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Ромашка" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 120 | 31002 |
үш жасқа дейін 6500 |
5 | Әулиекөл ауданы Құсмұрын кенті | "Құсмұрын кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Балапан" Құсмұрын балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 50 | 41905 |
үш жасқа дейін 6500 |
6 | Әулиекөл ауданы Құсмұрын кенті | "Құсмұрын кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Қарлығаш" Құсмұрын балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 75 | 34274 |
үш жасқа дейін 6500 |
7 | Әулиекөл ауданы Новонежинка ауылы | "Новонежин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Новонежин Балдәурен" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 50 | 32708 |
үш жасқа дейін 6000 |
8 | Әулиекөл ауданы Әулиекөл ауылы | "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Әулиекөл бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесі жанындағы толық күндік шағын орталық | 50 | 30579 |