Денисов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 қарашадағы № 66 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 23 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 11 сәуірде № 8338 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2024 жылғы 10 шілдедегі № 42 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 10.07.2024 № 42 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына сәйкес Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Денисов аудандық мәслихатының "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" 2014 жылғы 17 қарашадағы № 66 шешіміне (2014 жылғы 26 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5215 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:

      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Тұрғын үй көмегі тоқсанына бір рет "Денисов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) тағайындалады.

      Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) (не нотариалды куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалына немесе www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталына балама негізде өтініш береді және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11015 болып тіркелген) көрсетілген құжаттарды ұсынады.";

      көрсетілген шешім мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін Стандарттың 4-тармағында көзделген мерзімде ұсынады.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады