2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Мерзімі біткен

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 7 маусымдағы № 96 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 10 маусымда № 8512 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына, 62-бабының 6-тармағына сәйкес Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2019 жылға арналған Денисов ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  Әкімдіктің
2019 жылғы 7 маусымдағы
№ 96 қаулысына
қосымша

2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының әкімшілік- аумақтық орналасуы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының атауы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ата-ананың бір айдағы төлемақы мөлшері (теңге)

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың бір айдағы орташа құны (теңге)

1

Денисов ауданы
Әйет ауылы

"Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Академик Темірбай Байбосынұлы Дарқамбаев атындағы Әйет орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанындағы толық күндік мектепке дейінгі шағын орталық

25

27 887


2

Денисов ауданы
Денисовка ауылы

"Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "№ 3 Денисов орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанындағы толық күндік мектепке дейінгі шағын орталық

50

27 887


3

Денисов ауданы
Приреченка ауылы

"Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Приречен орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанындағы толық күндік мектепке дейінгі шағын орталық

25

27 887


4

Денисов ауданы
Глебовка ауылы

"Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Глебов орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанындағы толық күндік мектепке дейінгі шағын орталық

25

27 887


5

Денисов ауданы
Алшан ауылы

"Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Алшан негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанындағы толық күндік мектепке дейінгі шағын орталық

25

27 887


6

Денисов ауданы
Антоновка ауылы

"Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Антонов негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанындағы толық күндік мектепке дейінгі шағын орталық

10

27 887


7

Денисов ауданы
Перелески ауылы

"Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Балдаурен" бөбекжай-бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

100

32 346

үш жасқа дейін 6 700
үш жастан бастап 7 000

8

Денисов ауданы
Денисовка ауылы

"Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "№ 1 бала бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

85

39 961

үш жасқа дейін 6 700
үш жастан бастап 7 000

9

Денисов ауданы
Денисовка ауылы

"Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "№ 40 бөбекжай бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

150

36 942

үш жасқа дейін 6 700
үш жастан бастап 7 000

10

Денисов ауданы
Свердловка ауылы

"Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Свердлов орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанындағы толық күндік мектепке дейінгі шағын орталық

17

31 623



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады