Жітіқара ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2019 жылы әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы

Мерзімі біткен

Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 2019 жылғы 9 тамыздағы № 329 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 14 тамызда № 8620 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 8-тармағына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жітіқара ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2019 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсетілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады