Әкімдіктің 2019 жылғы 21 қаңтардағы № 2 "2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 1 қарашадағы № 144 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 5 қарашада № 8741 болып тіркелді

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына, 62-бабының 6-тармағына сәйкес Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қамысты ауданы әкімдігінің "2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" 2019 жылғы 21 қаңтардағы № 2 қаулысына (2019 жылғы 29 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімде № 8246 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Қамысты ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қамысты ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Г. Бекмухамедов

  Әкімдіктің
2019 жылғы 1 қарашадағы
№ 144 қаулысына
қосымша


  Әкімдіктің
2019 жылғы 21 қаңтардағы
№ 2 қаулысына
қосымша

2019 жылға арналған мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының әкімшілік -аумақтық орналасуы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының атауы

Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ата-ананың бір айдағы төлемақы мөлшері (теңге)

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың бір айдағы орташа құны (теңге)

1

2

3

4

5

6

1

Қамысты ауданы, Қамысты ауылы

"Қамысты ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің "Айналайын" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

140

32008

3 жасқа дейін -7266
 
3 жастан бастап-9450

2

Қамысты ауданы, Қарабатыр ауылы

"Қамысты ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің "Ақбота" бөбекжай" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

45

33363

3 жасқа дейін -6100
 
3 жастан бастап-6700

3

Қамысты ауданы, Алтынсарин ауылы

"Қамысты ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің "Қарлығаш" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

102

35623

3 жасқа дейін -7500
 
3 жастан бастап-8000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады