Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің 10.09.2021 № 6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабы 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің 10.09.2020 № 11 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу мен пайдалану мақсатында Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округі Восток және Жұмагул ауылдарының аумағында орналасқан жалпы көлемі 1,3182 гектар жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің 10.09.2020 № 11 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. "Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) алынып тасталды - Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің 10.09.2020 № 11 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);3) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қарасу ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің 10.09.2020 № 11 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Восток ауылдық округінің әкімі | М. Беккулинов |