2019 - 2020 жылдарға арналған жайылымдарды геоботаникалық зерттеп - қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 20 тамыздағы № 137 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 2 қыркүйекте № 8642 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 54 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 17.04.2020 № 54 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына, "Жайылымдар туралы" 2017 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2019 - 2020 жылдарға арналған жайылымдарды геоботаникалық зерттеп - қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Меңдіқара ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Меңдіқара ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Меңдіқара ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы А. Акижанов

  Әкімдіктің
2019 жылғы 20 тамыздағы
№ 137 қаулысына
қосымша

2019-2020 жылдарға арналған жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасы

     


Жылдар

1 - қаша

2 - қаша

3 - қаша

4 - қаша

2019

көктемгі – жазғы мезгіл 1

жазғы мезгіл 2

күзгі мезгіл 3

демалатын қаша

2020

демалатын қаша

көктемгі – жазғы мезгіл 1

жазғы мезгіл 2

күзгі мезгіл 3

      Ескертпе: 1, 2, 3, 4 - жылына қашаны пайдалану кезегі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады