Ескерту. Шешімнің бүкіл мәтіні бойынша "Златоуст ауылдық округінің", "Златоуст ауылдық округі" сөз тіркестері "Златоуст ауылының", "Златоуст ауылы" сөз тіркестерімен ауыстырылды – Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Златоуст ауылы әкімінің 14.01.2021 № 2-р шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабының 1-тармағы 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағы 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес Сарыкөл ауданы Златоуст ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына талшықты – оптикалық байланыс желісін жүргізу мен пайдалану мақсатында Сарыкөл ауданы Златоуст ауылының аумағында орналасқан жалпы көлемі 1,0899 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Златоуст ауылы әкімінің 14.01.2021 № 2-р шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. "Сарыкөл ауданы Златоуст ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Сарыкөл ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | М. Умаров |