"Транстелеком" акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 27 наурыздағы № 66 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 1 сәуірде № 8318 болып тіркелді.

      Ескерту. Қаулының кіріспесінде және бүкіл мәтін бойынша "Таран ауданының" және "Таран ауданы" сөз тіркестері "Бейімбет Майлин ауданының" және "Бейімбет Майлин ауданы" деп ауыстырылды- Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 24.11.2020 № 283 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17, 69-баптарына, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Бейімбет Майлин ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Транстелеком" акционерлік қоғамына Бейімбет Майлин ауданы аумағында орналасқан жалпы көлемі 41,71 гектар жер учаскелерінде "Қостанай-Әйтеке би учаскесінде талшықты-оптикалық байланыс желісі мен көліктік және транзиттік желіні дамытудың "толық аяқталған" аппараттық-бағдарламалық кешенінің құрылысы" объектісі бойынша талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу мен пайдалану үшін қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариалау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады