Мәслихаттың 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 241 "Таран ауданы Тобыл кентінің, ауылдық округтерінің 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттері туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Мерзімі біткен

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 2019 жылғы 4 қыркүйектегі № 309 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 10 қыркүйекте № 8650 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Қостанай облысының Таран ауданын қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 29 Жарлығына сәйкес ауданның мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың "Таран ауданы Тобыл кентінің, ауылдық округтерінің 2019–2021 жылдарға арналған бюджеттері туралы" 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 241 (2019 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8229 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Бейімбет Майлин ауданы Тобыл кентінің, ауылдық округтерінің 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттері туралы";

      көрсетілген шешімнің кіріспесінде "аудандық мәслихат" сөз тіркесі "ауданның мәслихаты" деп ауыстырылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ж. Курмангалиев
      Аудан мәслихатының хатшысы С. Сапабеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады