Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Белинский ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 15 қазандағы № 5 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 16 қазанда № 8707 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Белинский ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 11 ақпандағы № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Белинский ауылдық округі әкімінің 11.02.2020 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бейімбет Майлин аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы міндетін атқарушының 2019 жылғы 11 қыркүйектегі № 01-20/325 ұсынысы негізінде, Белинский ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Белинский ауылдық округі Жамбаскөл ауылы аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының туындауына байланысты шектеу iс-шаралары белгіленсін.

      2. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Қостанай облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Бейімбет Майлин аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шараларын жүргізу ұсынылсын.

      3. "Белинский ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім ресми жарияланғанынан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім С. Ахмеджанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады