Павлодар облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Павлодар облыстық әкімдігінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 3 және Павлодар облыстық мәслихатының 2019 жылғы 15 наурыздағы № 331/29 бірлескен қаулысы мен шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 29 наурызда № 6280 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ертіс және Май аудандарының өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар облысы Ертіс және Май аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      1) Май ауданы бойынша Қаратерек ауылдық округінің 8 Март бөлімшесі елдi мекен мәртебесiнен айырылуына байланысты есептік деректерден шығарылсын және оның аумағы Қаратерек ауылдық округі Қаратерек ауылының құрамына қосыла отырып, таратылсын;

      2) Ертіс ауданы бойынша:

      аумағы Ағашорын ауылдық округінің құрамына қосыла отырып, Ұзынсу ауылдық округі таратылсын;

      аумағы Байзақов ауылдық округінің құрамына қосыла отырып, Луговой ауылдық округі таратылсын;

      аумағы Панфилов ауылдық округінің құрамына қосыла отырып, Қосағаш ауылдық округі таратылсын;

      Ленин ауылдық округі таратылсын;

      ауылдық округтің орталығын Ленин ауылы деп анықтап, құрамында Амангелді, Ленин ауылдары бар Амангелді ауылдық округі құрылсын.

      2. Осы қаулының және шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облысының әкімі Б. Бақауов
      Сессия төрағасы А. Бойчин
      Облыстық мәслихаттың хатшысы Б. Бексейітова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады