Павлодар облысы әкімдігінің 2013 жылғы 29 шілдедегі "Павлодар облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы" № 276/8 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық әкімдігінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 144/2 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 13 мамырда № 6358 болып тіркелді. Күші жойылды – Павлодар облыстық әкімдігінің 19.05.2020 № 106/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облыстық әкімдігінің 19.05.2020 № 106/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2013 жылғы 29 шілдедегі "Павлодар облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы" № 276/8 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3599 болып тіркелген, 2013 жылғы 12 қыркүйекте "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Павлодар облысындағы жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінде:

      11-жолда "Кутузов көшесі" сөздері "Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы" сөздерімен ауыстырылсын;

      15, 16, 17, 22, 24, 27, 28, 29, 43, 47, 49, 50, 52, 53, 55, 57-жолдарында "Ленин" сөзі "Астана" сөзімен ауыстырылсын;

      46-жолда "Суворов көшесі" сөздері "Малайсары батыр көшесі" сөздерімен ауыстырылсын;

      199, 200, 201, 202, 204, 205, 206, 217, 218, 219, 220, 221, 222, 223, 224, 225, 226, 227, 228, 231, 232, 233, 234, 235, 236-жолдарында "кентінен" сөзі "ауылынан" сөзімен ауыстырылсын;

      211-жолда "ауылынан" сөзі "тауынан" сөзімен ауыстырылсын;

      215, 216, 229-жолдарында "поселка" сөзі "села" сөзімен ауыстырылсын, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      бүкіл мәтін бойынша "Качир ауданы" сөздері "Тереңкөл ауданы" сөздерімен ауыстырылсын.

      2. "Павлодар облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Р. Ораловқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Б. Бақауов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Мәдениет және спорт министрі
      2019 жылғы "24" сәуір

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады