Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімдігінің 14.12.2022 № 345/5 ( алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабы 2-тармағының 24-6) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 ақпандағы "Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" № 56/2 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4410 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Павлодар облысы бойынша филиалына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Р. Ораловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Б. Бақауов |
Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы "10" шілдедегі № 204/2 қаулысына қосымша |
|
Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 56/2 қаулысымен бекітілді |
Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің (бұдан әрі – Психологиялық қызмет) жұмысын реттейді.
2. Психологиялық қызмет көрсету Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңы, Бала құқықтары туралы конвенция, сондай-ақ осы Қағидалар шеңберінде жүзеге асырылады.
3. Психологиялық қызметтің құрылымы білім беру ұйымдарының типіне, түріне және қажеттілігіне, штаттың бірлік санына қарай айқындалады.
4. Психологиялық қызметтің құрамына директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар, мектептердің медициналық қызметкерлері, сынып жетекшілері және олар штатта бар болған жағдайда – логопедтер, дефектологтар және тифлопедагогтар енеді.
5. Психологиялық қызмет мүшелерінің жұмысы біліктілік талаптарына және лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Психологиялық қызметтің мақсаттары мен міндеттері
6. Психологиялық қызметтің мақсаты - білім беру ұйымдарында білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау және білім беру үдерісіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.
7. Психологиялық қызметтің міндеттері:
1) білім алушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;
2) білім алушыларға ақпараттық қоғамның жылдам дамуына олардың табысты әлеуметтенуіне психологиялық тұрғыдан жәрдем көрсету;
3) білім алушылардың тұлғасын психологиялық-педагогикалық зерделеу негізінде әрбір білім алушыға жеке тұрғыдан ықпал етуді қамтамасыз ету;
4) психологиялық диагностиканы жүргізу, оның ішінде суицидтік қауіптерді анықтау мақсатында, сондай-ақ білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту;
5) психологиялық қиыншылықтар мен білім алушылардың проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру;
6) білім алушылардың психикалық денсаулығын қорғау;
7) психологиялық проблемаларды шешуде және оқу-тәрбие жұмыстарының қолайлы әдістерін таңдауда ата-аналар мен педагогтерге консультациялық көмек көрсету;
8) білім беру үдерісі субъектілерінің психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін көтеру.
3. Психологиялық қызмет жұмысының негізгі бағыттары мен мазмұны
8. Психологиялық қызмет психодиагностика, консультация беру, ағартушылық-профилактикалық, түзету-дамыту жұмысы, әлеуметтік өзара іс-қимыл бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
9. Психодиагностика бағыты келесі қызмет түрлерін қамтиды:
1) білім алушылардың психикалық дамуын анықтау мақсатында оларды психологиялық диагностикалау;
2) педагогикалық консилиумге материалдарды дайындау (білім алушылардың бейімделуі, дамуы мен әлеуметтенуі мақсатында оларды кешенді психологиялық тексеру);
3) білім алушылардың қабілеттіліктерін, қызығушылықтары мен икемділіктерін психологиялық диагностикалау;
4) психологиялық диагностиканың қорытындысы бойынша қорытындылар мен ұсыныстарды дайындау.
10. Консультация беру бағыты келесі қызмет түрлерін қамтиды:
1) білім алушыларға, ата-аналар мен педагогтерге олардың сұраулары бойынша консультация беру;
2) білім алушыларға, ата-аналар мен педагогтерге жеке тұлғалық, кәсіптік өзін-өзі айқындау проблемалары және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынастар бойынша жеке және топпен консультация жүргізу;
3) күйзелістік, жанжалдық, қатты эмоционалды күйзелістік жағдайда болып табылатын білім алушыларға психологиялық қолдау көрсету;
4) тұлғааралық және топаралық жанжалдарды шешуде делдалдық жұмыстарды ұйымдастыру.
11. Ағартушылық-профилактикалық жұмысқа мыналар кіреді:
1) білім алушылар мен педагогтердің өзін-өзі айқындауына, кәсіптік өсуіне ықпал ету;
2) білім алушылар бейімсіздігінің алдын алу;
3) білім алушылар әлеуметтік бейімсіздігінің алдын алу;
4) педагогтерді аттестаттауды әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету;
5) әдістемелік бірлестіктер мен педагогикалық кеңестің және медициналық-психологиялық-педагогикалық консилиумдарының жұмысына ықпал ету;
6) Қазақстан Республикасы және Павлодар облысы бойынша (сенім телефондары, анонимді медициналық және психологиялық орталықтар мен қызметтердің мекенжайы) психологиялық көмек көрсететін қызметтері көрсетілген мектептерде (рекреацияда) психолог стендін немесе бұрышын ресімдеу және тақырыптық стендті, сондай-ақ үлестірмелі материалдарды орналастыру;
7) суицидтік мінез-құлық профилактикалық орталықтарынан (Дағдарыс орталығы, ерте сексуалды дамытудың алдын алу жөніндегі медициналық мекемелері, салауатты өмір салты орталығы, жастар бастамаларын дамыту орталығы және басқарлары) мамандарды тарта отырып, оқушылардың бейімделмеуі мен бейәлеуметтенуін алдын алу бойынша мектеп іс-шараларына (ата-аналар жиналысы және басқалары) қатысу.
12. Түзету-дамыту бағытына мыналар кіреді:
1) жеке тұлғалық өсуге арналған тренингтер өткізу;
2) білім алушылар мен педагогтердің тұлғалық, зияткерлік, эмоционалды-жігерлік, шығармашылық даму үйлесімділігі бойынша психологиялық түзету және дамыту сабақтарын ұйымдастыру;
3) жанжалдық тұлғааралық қатынастарды түзету;
4) арнайы мүмкіндіктерді дамытуда (спортта, шығармашылықта немесе зияткерлік жиынтықтағы дарынды балалар) білім алушыларға (білім алушылардың сауалы бойынша) көмек көрсету;
5) білім алушылардың рухани-адамегершілік тәрбиесіне (мектептің шығармашылық іс-шараларына, мектептен тыс қызмет, "Өзін-өзі тану" пәні бойынша сабақтар және тағы басқалары арқылы) қатысу;
6) пән мұғалімдері мен мамандардың (дефектолог, логопед, тифлопедагог және тағы басқа ұсыныстарды ескере отырып, бұзушылық түрлері бойынша түзету бағдарламаларын әзірлеу;
7) оқу процесіне оқушыларды бейімдеуді жақсарту мақсатында педагогтар, ата-аналар немесе заңды өкілдеріне арналған ұсынымдар әзірлеу.
13. Әлеуметтік өзара іс-қимыл мынаны қамтиды:
1) функционалды міндеттер, педагог-психологтың кәсіби құзыреті аясынан шыққан және кең ауқымды мамандардың қатысуын талап ететін проблемаларды шешу жөніндегі (дәрігерлер, дефектологтар, логопедтер, тифлопедагогтар) мамандармен ынтымақтастық жасау;
2) аудандар және қалалардың әлеуметтік-медициналық-психологиялық қызметтері туралы деректер қорын қалыптастыру;
3) педагог-психологтардың әдістемелік бірлестігімен, психологиялық орталықтармен, тәжірибелі психологтардың кафедраларымен және қауымдастықтарымен, білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттерімен өзара іс-қимыл жасау.
14. Психологиялық қызмет функцияларды орындау үшін жекеленген ғимараттарға орналасқан, қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген педагог-психолог кабинеті базасында жұмыс істейді.
15. Психологиялық қызметтің жұмысын білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар, аудандық, қалалық білім бөлімдері үйлестіреді.
4. Психологиялық қызмет жұмысы бойынша құжаттама
16. Психологиялық қызмет өз құзыреті шеңберінде келесі құжаттаманы әзірлейді және жүргізеді:
1) білім беру ұйымының басшысы бекіткен психологиялық қызметтің перспективті және ағымдағы жұмыс жоспарлары;
2) Психологиялық қызметтің жұмыс түрлерін есепке алу журналы;
3) белгіленген кезеңдерге (тоқсанға, жартыжылдыққа, бір жылға) арналған Психологиялық қызметтің жұмысы туралы талдамалық есептері;
4) білім алушылардың психологиялық дамуының жеке карталары, топтық психологиялық портреттер;
5) психологиялық тексеру нәтижелері, қорытындылары мен ұсынымдары.
17. Психологиялық қызметтің жұмысын әдістемелік жағынан қамтамасыз етуге психологиялық сабақтардың, тренингтердің бағдарламалары, әдістемелік ұсынымдары, әзірлемелері және психологиялық жұмыстың басқа да нысандары кіреді.
5. Қорытынды ереже
18. Психологиялық қызметтің жұмысын білім беру ұйымының басшысы қамтамасыз етеді және бақылайды.