Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 345/5 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 22 желтоқсанда № 31219 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар облысы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 ақпандағы "Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" № 56/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4410 болып тіркелген);

      Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 10 шілдедегі "Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 ақпандағы "Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" № 56/2 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 204/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6476 болып тіркелген).

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облысының әкімі А. Байханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады